13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте «Менің Елім – Менің Туым» акциясы өтті

21 октября, 2025
in Uncategorized
0
Шымкентте «Менің Елім – Менің Туым» акциясы өтті
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Мемлекеттік Туды насихаттауға бағытталған «Менің Елім – Менің Туым» атты кең ауқымды акция ұйымдастырылды.

Аталған шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне деген құрметті арттыру, азаматтардың бойында елдік пен бірлік сезімін нығайту, сонымен қатар жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту болып табылады.

Акция аясында қала көшелерінде, қоғамдық орындар мен білім беру ұйымдарында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімдері ұйымдастырылып, тұрғындарға еліміздің көк байрағының тарихы мен мағынасы түсіндірілді. Қатысушылар Туға деген ерекше құрмет пен мақтаныш сезімін білдіріп, ұлттық рәміздеріміздің ел тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтінін атап өтті.

Іс-шараға партия белсенділері, мәслихат депутаттары, жастар қанатының мүшелері мен қала тұрғындары қатысты. Олар қолдарына Мемлекеттік Ту ұстап, қала көшелерімен шеру жасап өтті. Бұл көрініс елдің рухын көтеріп, патриоттық сезімге бөлеген ерекше сәт болды.

Шара барысында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері Мемлекеттік Ту – біздің ортақ мақтанышымыз, тәуелсіздігіміздің және мемлекетіміздің тұтастығын бейнелейтін ең қасиетті нышандардың бірі екенін атап өтті.

– Ту – елдің абыройы мен айбыны. Оны құрметтеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. «AMANAT» партиясы рәміздерді дәріптеу арқылы қоғамда патриоттық рухты қалыптастыруға ерекше мән береді, – деді партия өкілі өз сөзінде.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да Мемлекеттік Рәміздерді ұлықтауға, елдің патриоттық құндылықтарын дәріптеуге және жастардың отансүйгіш рухын арттыруға бағытталған шараларды тұрақты түрде ұйымдастыратын болады.

#МеніңЕлімМеніңТуым
#Qazaqstan
#RepublicDay
#25Қазан
#Декларация35жыл
#МеніңҚазақстаным
#AMANAT

Previous Post

Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована

Next Post

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі