13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері спорттан үздіктерді анықтады

26 февраля, 2021
in Билік
0
Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері спорттан үздіктерді анықтады
Share on FacebookShare on Twitter

«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты ұранымен Түркістан  облысының  мемлекеттік  қызметкерлері арасындағы қысқы маусымдық біріншілігі  аяқталды. Спорттық жарыстар Ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығына  арналды. Волейболдан  және үстел  теннисінен өткен  жарыс  жеңімпаздарын облыс  әкімі Өмірзақ Шөкеев  құттықтады.

Мемлекеттік  қызметкерлер  арасында  тартысты  өткен бұл  сайысқа  барлық  департамент,  басқарма  қызметкерлерінен  құралған  командалар  қатысты. Олимпиадалық орталық спорт кешенінде волейболдан  аяқталған  жарыс  жеңімпаздары  мен жүлдегерлері арнайы марапатталды.  Сондай-ақ  Түркістан  облысының полиция  департаментінің  бастығы, генерал Қайрат Дәлбеков пен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Түркістан облыстық футбол федерациясының президенті, генерал Хаким Қошқалиев те мемлекеттік  қызметкерлерді  жеңістерімен  құттықтады. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан  облысының полиция  департаментінің  командасы бас жүлдені  жеңіп алса, күміс  жүлдені басқармалардан құралған «Қыран» командасы иеленді. Ал,  қола  жүлдені облыстық статистика  басқармасының  қызметкерлері  еншіледі.

Сонымен  қатар,  өңірімізде мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінен кезекті спартакиада өз мәресіне жетті. Тартысты өткен сайыста ерлер арасында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Дамир Абенов бірінші орынды иеленді. Ал, жүлделі екінші орынды төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Бағжан Барат еншілесе, жүлделі үшінші орынды Түркістан облыстық сот қызметкері Рауан Мариев ие болды.

Ал, қыздар арасында топ  жарған  Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандары  Ақерке Қалмұрзаева мен Арайлым Тастемір шеберлігімен қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының бірінші және екінші сатысына көтерілді. Жүлделі үшінші орынға еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «ВТЭК» командасының  ойыншысы  Малика Худайбергенова жайғасты. Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер медальдер мен Кубоктармен  марапатталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзволейболмемлекеттік қызметкерлерТүркістан облысыШөкеевүстел тениисі
Previous Post

Шымкент : Қонаев даңғылының жалғасы жартылай ашылады

Next Post

Шымкенттегі жалдамалы пәтерден әйелдің мәйіті табылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі