13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ ӨРТ ҚАУПІ ТӨНГЕН ҮЙДЕН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚҰТҚАРУҒА АТСАЛЫСТЫ

10 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАН САРБАЗДАРЫ ӨРТ ҚАУПІ ТӨНГЕН ҮЙДЕН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚҰТҚАРУҒА АТСАЛЫСТЫ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет жедел қимыл мен азаматтық борышқа адалдықтың үлгісін көрсетті. Бұл жолы 6506 әскери бөлімінің сарбаздары өртеніп жатқан тұрғын үйден адамдарды эвакуациялауға көмек беріп, апат салдарын азайтуға белсенді атсалысты.

Оқиға Қалдаяқов көшесінде болған. Кезекті патрульдік қызмет барысында әскери жасақ үйдің бірінен түтіннің көтерілгенін байқайды. Патруль басшысы, қатардағы жауынгер Шахан Серікпай бұл жайтты дереу өздерінің патрульдік тобының бастығы, қатардағы Нұрғазы Қырықбайға баяндап, оқиға орнына бағыт алуға тапсырма алады.

Қауіп туындаған үйге жедел жеткен сарбаздар – Өмірзақ Жолдасбек пен Елнұр Бекмаханмен бірге әскери жасақ бастығы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірден іске кіріседі. Бұл уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мамандары апат орнына жетіп, өрт сөндіру мен құтқару жұмыстарын бастап кеткен болатын.

Ұлттық ұлан сарбаздары өрт сөндірушілермен бірлесіп, тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарында қалып қойған азаматтарды эвакуациялау жұмыстарына көмектесті. Олар тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, дүрбелең туындауына жол бермей, аса маңызды рөл атқарды.

Сонымен қатар, сарбаздар оқиға орнын қоршап, адамдардың көптеп жиналуына және арнайы қызметтердің жұмысына кедергі келмеуіне жағдай жасады. Қауіпсіздік периметрін қамтамасыз ету – төтенше жағдайларда тәртіп пен үйлесімділіктің сақталуы үшін аса маңызды қадам.

– Ұлттық ұланның әскери қызметшісі ретінде біз мұндай жағдайларда шапшаң шешім қабылдап, әрекет етуге міндеттіміз. Бұл сәтте бізде көп ойлануға уақыт болмады. Бірден тұрғындарға көмектесуге ұмтылдық, – деді қатардағы жауынгер Шахан Серікпай.

ТЖМ мен Ұлттық ұлан сарбаздарының үйлесімді іс-қимылының арқасында тұрғындар уақытылы қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға кезінде ешбір азамат зардап шеккен жоқ, бұл – түрлі ведомство өкілдерінің кәсіби дайындығы мен өзара әрекеттестігінің айқын дәлелі.

Шымкент қаласының тұрғындары сарбаздардың шапшаңдығы мен батылдығына алғыс білдіріп, мұндай жағдайларда Ұлттық ұланның сенімді тірек екенін тағы бір мәрте мойындады.

Previous Post

В Шымкенте на базе школы открыт кадетский класс юных полицейских

Next Post

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі