13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жас сақшы»: Шымкентте мектеп базасында жас полицейлердің кадет сыныбы ашылды

9 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
«Жас сақшы»: Шымкентте мектеп базасында жас полицейлердің кадет сыныбы ашылды
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында құқықтық тәртіп пен патриотизмді дәріптейтін тағы бір игі бастама жүзеге асты. Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектепте 9-сынып оқушылары үшін арнайы бағытталған «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл — елімізде өскелең ұрпақты құқық қорғау саласына бейімдеуге, әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге және болашақ мамандықты саналы таңдауға жол ашатын тың бастама. Сыныптың ашылуына Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мәулен Ахметов, мектеп әкімшілігі, ұстаздар құрамы, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

«Жас сақшы» жобасы — жасөспірімдердің бойына құқықтық мәдениет пен қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілікті ерте жастан сіңіруге бағытталған. Сыныптың басты мақсаты:
Оқушыларды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру;

Болашақ мамандықты таңдауға бағыт беру;

Әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу;

Қоғамға пайдалы, тәртіпті азамат қалыптастыру.

Кадет сыныбына қабылданған оқушылар арнайы дайындалған оқу бағдарламасы бойынша оқытылып, құқықтық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, алғашқы әскери дайындық және азаматтық жауапкершілікке байланысты қосымша білім алады.

Кадеттер үшін ерекше үлгіде нысанды киім әзірленіп, арнайы тіктірілген. Киім формасы полиция қызметкерлерінікінен алынған стильде жасалған. Бұл өз кезегінде оқушылардың бойында жауапкершілік пен тәртіпке деген көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Сынып бөлмесі де ерекше дайындалған:

Құқық қорғау тақырыбындағы стендтер,

Жарық көрнекі құралдар,

Оқу материалдары мен жабдықтар арқылы оқушылар өздерін болашақ заң қорғаушы ретінде сезіне алады.

Мектеп директоры мен мұғалімдер атап өткендей, жаңа оқу жылы басталғалы бері бұл сыныпқа қызығушылық жоғары, ал кадеттердің өздері үлкен ықыласпен қатысып жатыр.

Салтанатты ашылу барысында сөз алған Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мәулен Ахметов бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды.
«Кадет сыныбы – тәртіп пен жауапкершілік мектебі. Мұндай жобалар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, болашақ мамандарды даярлаудың алғашқы баспалдағы. Қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін заңды құрметтейтін, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу – біздің ортақ міндетіміз», – деді ол.

Іс-шара барысында кадет атанған оқушылар ант қабылдап, өз қызметтеріне адал болуға уәде берді. Ата-аналар қауымы да бұл бастаманың дер кезінде қолға алынғанын айтып, балаларының тәртіп пен жауапкершілікке үйреніп келе жатқанына қуаныштарын білдірді.
«Ұлым кадет сыныбына енгеннен бері өз-өзін ұстауында, тәртібінде үлкен өзгеріс байқадық. Полиция формасын киюдің өзі оның бойында сенім мен мақсаттылықты оятты», – дейді оқушылардың бірінің анасы.

«Жас сақшы» кадет сыныбы — тек білім беру емес, құндылық тәрбиелеу алаңы. Мұндай бастамалар арқылы ел ертеңі — жастарды саналы, тәртіпті, білімді және елжанды етіп тәрбиелеуге болады.

Шымкент қаласы әкімдігі мен полиция департаменті алдағы уақытта осындай кадет сыныптарын өзге де мектептерде ашу мәселесін қарастырып отыр. Бұл — құқықтық мәдениетті ерте жастан қалыптастырудың, ел болашағына салынған сенімді инвестицияның айғағы.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ПОЛИЦЕЙСКИЕ ПРОВЕЛИ УРОК БЕЗОПАСНОСТИ ДЛЯ ШКОЛЬНИКОВ С УЧАСТИЕМ ЧЕМПИОНА МИРА

Next Post

В Шымкенте на базе школы открыт кадетский класс юных полицейских

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі