13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«ЧЕМПИОНДЫҚ РУХ» ЖОБАСЫ ЖАСТАРҒА СЕРПІН БЕРДІ

3 октября, 2025
in Uncategorized
0
«ЧЕМПИОНДЫҚ РУХ» ЖОБАСЫ ЖАСТАРҒА СЕРПІН БЕРДІ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау және чемпиондық рухты қалыптастыру мақсатында ауқымды жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараға еліміздің халықаралық деңгейде жетістікке жеткен спорт саңлақтары мен қоғам қайраткерлері арнайы қатысты.
⠀
Атап айтқанда, жаттығу барысында жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы Арман Оспанов, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов, жекпе-жек спортының бірнеше түрінен әлемдік деңгейде жеңімпаз атанған Ақбар Елубай жастармен бірге тәжірибелерімен бөлісті. Олар спортқа адалдық, еңбекқорлық, тәртіп пен шыдамдылықтың маңызын атап өтіп, жастарға өздерінің өмірлік жолдары мен жетістіктері туралы айтты.

Сонымен қатар, шараға Шымкент қалалық партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, жастар жанашыры Есен Елеукен, қоғамдық пікір көшбасшылары мен түрлі саладағы белсенді жастар қатысты. Бұл бастама қоғамдағы салауатты өмір салты мен спорттың маңыздылығын кеңінен насихаттауға, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен табандылық қасиеттерін сіңіруге бағытталғаны айқындалды.
⠀
Жалпы жаттығуға 300-ден астам жас қатысты. Олар чемпиондармен иық тірестіре жаттығып қана қоймай, өздеріне үлкен мотивация алды. Спортшылармен бірге уақыт өткізу — жастарға шынайы жігер сыйлап, спорттағы шыңға жету жолының қажырлы еңбек пен ерік-жігер арқылы ғана мүмкін болатынын көрсетті.
⠀
«Чемпиондық рух» жобасы — жастардың рухани және физикалық тұрғыда дамуына серпін беріп, олардың өз күшіне деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл жоба арқылы еліміздің ертеңі саналатын жас буынға спорттың құндылығы мен артықшылығы айқын көрсетілуде.

#AMANAT
#ЖастарРухы
#ТазаQazaqstan

Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ В ХОДЕ АКЦИИ «ПРИЁМ У ДОРОГИ» ОКАЗАНА ПРАВОВАЯ ПОМОЩЬ ПОРЯДКА СОТНЕ ГРАЖДАН

Next Post

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі