13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Дарбаза» полигонында оқу-атыс жаттығулары басталды

25 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
«Дарбаза» полигонында оқу-атыс жаттығулары басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебінің филиалында курсанттар «Дарбаза» полигонында АК-74 қаруынан оқ ату тапсырмаларын орындады.

Атыс жаттығулары – əскери міндеттілер резервін даярлаудың маңызды кезеңі. Оларды орындау теориялық білімді бекітуге, қажетті дағдылар мен ату әдістерін дамытуға, төтенше жағдайларға психологиялық тұрақтылықты дамытуға көмектеседі.

Бақылау атыс жаттығуларын орындағанға дейін мектеп тәрбиеленушілері АК-74 қаруын шашу, жинау және тазалауды үйренді, қару-жарақ, оқ-дәрілермен жұмыс істеу ережелері және қауіпсіздік шаралары бойынша сынақтар тапсырды.

Оқу орындарында тәрбиеленушілер оқ атуға дайындық нормативтерін, нысананы көздеу тәсілдерін үйренді. Курсанттар барлық оқу міндеттерін сәтті орындады.

«Біз үшін практикалық атыс – бұлтеориялық бөліктің дамуын тексеру. Мамандардың басшылығымен өтетін дайындық бізге қойылған міндеттерді сауатты және нақты орындауға көмектеседі», — деп түсіндірді мектеп курсанты Ерсұлтан Тоқсанбай.

Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде ақылы негізде 24 жастан 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылған жастар білім алады. Қырық күн бойы олар әскери дайындықтың негізгі пәндерін оқиды, содан кейін емтихан тапсырады және әскери ант қабылдайды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент гарнизоныҚорғаныс ведомствосы
Previous Post

ҚР Президенті: Біз кез келген қиындыққа дайын болуымыз керек

Next Post

Шымкент : 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі