13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КӨКСАЙДА 8 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

8 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
КӨКСАЙДА 8 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫСТАНДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында тұрғын үй қорының жаңартылуын көздейтін реновация бағдарламасы кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» және Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қазандағы №5221 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзып, азаматтарды жаңа әрі жайлы баспаналарға көшіру. Бұл жұмыстардың операторы ретінде «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ белгіленген.
Реновация бағдарламасы аясында Көксай шағынауданында (бұрынғы «Зеленая балка» немесе «Нахаловка» деп аталған аумақ) жалпы 23 көпқабатты үйді (217 пәтер) бұзу және тұрғындарды жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету көзделген. Осы күнге дейін 8 үйдің (74 пәтер) тұрғындары жаңа баспанаға көшірілді.
Жуырда, 2025 жылғы 7 қазанда Нұрлыбаева көшесіндегі №10 үйдің 8 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, жаңа баспаналарының жайлы әрі берекелі болуын тіледі.
Көксай шағынауданының тарихы ғасырдан аса уақытты қамтиды — алғашқы үйлер мұнда 1915 жылы, теміржол құрылысы басталған кезеңде бой көтерген. Кейіннен тұрғындар өз күшімен, кейде құжатсыз үй салып, аумақтың инфрақұрылымы жүйесіз дамыған. Осы себепті шағынауданның тұрғын үй қорының көбі ескі әрі апатты жағдайда болған.
Реновация бағдарламасы аясында тек тұрғын үйлерді жаңарту ғана емес, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салу да жоспарланған. Көксайда алдағы уақытта әкімшілік ғимарат, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, мектепті кеңейту, көпқабатты тұрғын үйлер мен саябақтар салу және көпфункционалды сауда-логистикалық орталық ашу көзделіп отыр.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Көксайдағы жаңғырту тұжырымдамасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл жоба Шымкенттің инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Previous Post

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «РЕЗЕҢКЕ ПӘТЕРЛЕР» БОЙЫНША ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі