13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР МЕН ЖӘРМЕҢКЕЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

8 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР МЕН ЖӘРМЕҢКЕЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қолға алынған. Қала әкімдігінің бастамасымен ірі сауда желілері мен жергілікті өндірушілер арасында келісім-шарттар жасалып, бүгінде 80-ге жуық әлеуметтік сауда нүктесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр.
Атап айтқанда, қалада «Грамад» сауда желісінің 22 нүктесі, «Магнум» желісінің 26 нүктесі, «Маркет» желісінің 2 нүктесі, «Қасқасу-С» шаруа қожалығының көкөніс сататын 5 сауда орны және «Qaz Et» ет павильонының 5 нүктесі, сондай-ақ «Бәйтерек» шаруа қожалығының 3 сауда орны жұмыс істейді.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік дүкендердің санын арттыру мақсатында халық тығыз орналасқан аумақтарда «Бақша» атты 14 жаңа әлеуметтік дүкен іске қосылды. Қазіргі таңда тағы 10 қосымша сауда нүктесі орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл дүкендерде күнделікті тұтынуға қажетті негізгі азық-түлік өнімдері нарықтағыдан төмен бағада сатылады. Мұндай қадам халықты қолжетімді бағадағы тауарлармен қамтуға және әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған тиімді бастама болып отыр.
Бұдан бөлек, қала аумағында апта сайын 6 жерде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып келеді. Онда әр апта сайын шамамен 150 тонна күнделікті тұтынатын тауарлар нарық бағасынан 10–15 пайызға арзан бағада сатылады. Жәрмеңкелерге 300-ге жуық кәсіпкер тұрақты түрде қатысады.
Жәрмеңкелердің өткізу орындары мынадай:
• әр жұма күні — «Шымсити» шағын ауданындағы №21 көпқабатты үйдің алдындағы автотұрақта;
• әр сенбі күні — «Тұран-2» шағын ауданында және «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында, сондай-ақ «1000 ұсақ-түйек» дүкені алдында;
• әр жексенбі күні — «Тұран» шағын ауданындағы «Zharqyn tau» сауда үйінің және «Астана» шағын ауданындағы №74, №77 үйлердің артындағы автотұрақ аумағында өткізіледі.
Сонымен қатар, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтынушылардың жүктемесін төмендету мақсатында ірі сауда желілерімен меморандумдар жасалып, «Береке Fest» республикалық акциясы ұйымдастырылуда.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ӨЗЕНДЕР МЕН КАНАЛДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі