13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

9 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында Білім салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ысқақов, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев, жекеменшік мектептердің жетекшілері, кәсіпкерлер, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

«Әріптестер, бас қосуымыздың негізгі себебі – қаламыздағы жекеменшік мектептер Кәсіпкерлер палатасына өтініш жасап, өздерінде туындаған сұрақтарды кең талқылауға салуды ұсынды. Осыған орай жиынның күн тәртібіндегі басты мәселе жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі болмақ. Салалық кеңеске мүше мектептерде туындаған жағдайды бірге ақылдасып, шешімін қарастырайық», – деді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев.

«Бұлай шұғыл жиналуымыздың себебі – кешегі аптаның соңында бізге «Қаржы орталығы» АҚ хаттамалық шешімі келіп түсті. Онда жекеменшік мектептерді қаржыландыру сол білім ұйымдарының жобалық қуаттылығы аясында болмақ және оған 10-15 пайыз көлемінде қосымша қарастырылады делінген. Бұл шешім оқу жылы басталып қойған соң қабылданып отыр, ал қазір жекеменшік мектептерге оқушылар қабылданып, келісім-шарттар түзіліп, сабақ процесі толығымен жалғасуда. Барлық оқушылар туралы ақпарат Ұлттық білім беру деректер қорына енгізілген. Бүгінгі таңда Шымкенттегі жекеменшік мектептерде жобалық қуаттылығына қосымша 6937 оқушы білім алуда. Бұл жағдай мемлекеттік мектептерде оқушылар санының көптігіне байланысты қалыптасқан. Осылайша жекеменшік мектептер мемлекеттік білім ұйымдарындағы үш ауысым проблемасын шешуге өз үлесін қосты деп айта аламыз. Бүгінге дейін барлық оқушыларға қаржы аударылып келді. Егер оқушыларға қаралған қаржы төленбесе, жекеменшік мектептердегі мұғалімдер жалақы ала алмайды, жалпы, сол білім ұйымдарының жұмысы тұралап қалады», – деді Білім беру салалық кеңесінің төрайымы Диана Караманова.

Жиынға онлайн қатысқан «Қаржы орталығы» АҚ департамент директоры Айнұр Қадесова жүйедегі оператор қызметін атқаратын орталық тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын, мұндай өзекті мәселелер білім беру саласындағы орталық мемлекеттік органдар мен министрліктер тарапынан шешілетінін жеткізді.

Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараевтың айтуынша, биылға қаралған қаржы, қаладағы мектептердің меншік нысанына қарамастан, оқушылардың барлығын білім беру процесімен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Жиында, сонымен қатар, оқушыларға ыстық тағамға бөлінетін қаржы мәселесі талқыланды.

«Жекеменшік мектептердегі оқушыларға ыстық тағамға бөлінетін қаржы бұған дейін білім ұйымдарына аударылған болса, қазіргі таңда сол оқушылардың заңды өкілінің (ата-анасы, қамқоршысы) жеке шотына тікелей аударылуда. Ал мемлекеттік мектептерде биылдан бастап асханаларға арналған аппараттық-бағдарлама кешендері орнатылуда. Ол жүйе бойынша оқушылар нақты тамақтанған кезде ғана бағдарламада белгіленіп, қаржы сол мәлімет бойынша аударылады. Мысалы, бір ғана Alaqan Mektep бағдарламасын қолданудың нәтижесінде 1 айда 200 млн теңгеден астам қаржы үнемделді. Осы тұста жекеменшік мектептерде де осы жүйені қолдануды ұсынамын», – деді Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ысқақов.

Осы және басқа да мәселелер бойынша кәсіпкерлер, жекеменшік мектептердің басшылары өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарына жауап алды.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша хаттама тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болып шешім қабылданды.

Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ ЗА 9 МЕСЯЦЕВ ПОЛИЦИЯ ВЫЯВИЛА 443 НАРУШЕНИЯ, СВЯЗАННЫХ С НАРКОТИКАМИ

Next Post

ШАРДАРА: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі