2025 жылғы 30 қыркүйек пен 1–2 қазан күндері Қажымұқан атындағы орталық стадионда жасөспірімдер арасында волейболдан ашық чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жарысқа жас спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты. Спорттық іс-шара Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен өтті.
Чемпионаттың басты мақсаты: Қала тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау және ұстануға шақыру. Спортпен шұғылдануға жағдай жасау. Спорт түрлерімен шұғылданушы азаматтардың деңгейін , шеберлігін арттыру. Қаламызда спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар санын арттыру.
Жарыстың бірінші күнінің нәтижелері
(2009–2010 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында)
І орын – Шымкент қаласы №13 ойын түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
ІІ орын – №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
ІІІ орын – №107 жалпы білім беру мектебінің «КХН» волейбол клубы
Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және дипломдар табысталды.
Жарыстың екінші күнінің нәтижелері
І орын – Шымкент қаласы №13 «Металлург» командасы
ІІ орын – Шымкент қаласы №13 «Вероника» командасы
ІІІ орын – Шымкент қаласы №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Жарыстың үшінші күнінің нәтижелері
(2009–2010 ж.т. қыздар арасында)
Қазанның 2-сі күні өткен кездесуге 8 команда қатысып, өзара бақ сынады. Ойындар жоғары қарқынмен өтіп, қатысушылар жеңіс жолында табандылық пен қайсарлық танытты.
Нәтижесінде:
І орын – «КХН» спорт клубы
ІІ орын – Шымкент қаласы №13 БЖСМ «Металлург» командасы
ІІІ орын – Шымкент қаласы №12 БЖСМ командасы
Чемпионат соңында үздік командалар марапатталып, қатысушыларға дипломдар, медальдар және кубоктар табысталды.
Бұл турнир жас волейболшылардың тәжірибесін арттырып, Шымкент қаласында спорттың дамуына зор серпін берді.




