13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Медицина мамандары Түркияға кетті

25 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Медицина мамандары Түркияға кетті
Share on FacebookShare on Twitter

Дәрігерлердің біліктілігі – басты назарында. Түркістан облысының медицина мамандары біліктілігін шетелде арттыруда. Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері, яғни 5 дәрігер және 5 фельдшер Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды. Бұл шара Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Мұндағы мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгеріп, жедел түрде науқастарды емдеуге даярлау.

Айта кетейік,  біліктілігін шыңдау үшін Түркия еліне кеткен арнайы топ Түркістан, Кентау, Ордабасы станцияларының медициналық қызметкерлерінен жасақталды. Олар осы елдегі көптеген медицина мекемелерінде болады.

Жиналған тәжірибе өңірдегі жедел медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға мүмкіншілік береді. Жыл соңына дейін тағы бірнеше топты шет мемлекеттерде оқыту жоспарланып отыр. Жалпы, өткен жылы Түркістан облысының ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 3 мыңға жуық медициналық қызметкер біліктілігін арттырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Далалық дағды шеберлікке үйретеді

Next Post

ҚР Президенті шетелдіктерге жер сатуға заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі