13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

26 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының инфрақұрылымы мен абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте аудан әкімі Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы мәлімдеді.

Әл-Фараби ауданы — Шымкент қаласының ең ірі аудандарының бірі. Аудан аумағында 17 шағын аудан мен бір елді мекен орналасқан. Жалпы саны 266 мыңнан астам тұрғын өмір сүріп, 931 көппәтерлі тұрғын үй және 16 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар. Қазіргі таңда ауданның ауыз су, электр энергиясы және табиғи газбен қамтамасыз етілу көрсеткіші толықтай – 100 пайызға жеткен.

Абаттандыру жұмыстары

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл 33 балаларға арналған ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңы абаттандырылды. Қосымша 5 аулада абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Әрі қарайғы жоспарларға сәйкес, 2026 жылы 56 аула, ал 2027-2028 жылдары тағы 52 аула толықтай жаңартылып, тұрғындарға қолайлы орталықтар жасалады. Сонымен қатар, биыл 9 спорт алаңы да жөндеуден өтті.

Жарықтандыру жұмыстары

Аудан аумағында жарықтандыру жұмыстары да белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қалалық жоспар бойынша 2024 жылдың соңына дейін 133 көшеге жарық шам орнату көзделген. Қазіргі таңда 42 көшеге жарық шамдары толық орнатылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 112 көппәтерлі тұрғын үйдің 63 ауласына жарық шамдары қойылды. Қалған аулаға жарық шамдарын орнату жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.

Көшелерді асфальттау және жөндеу жұмыстары да үздіксіз жүргізілуде. 2025 жылы жоспарланған 25 көшеден 18-інде асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған 7 көшеде жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Сонымен қатар, аудан аумағындағы 85 көшенің асфальт қабатын жаңарту жоспарланып, оның 23-інде бұл жұмыстар толық жүзеге асты.

Ауданның тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында аяқжолдар салу, ирригациялық арықтар орнату, көпқабатты үйлердің қасбеттерін жарықтандыру және муралдар салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жаңа скверлер ашылып, қоғамдық орындарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Әл-Фараби ауданының әкімдігі мен қала басшылығы аталған инфрақұрылымдық және абаттандыру жұмыстарын жоспарлы түрде әрі сапалы жүргізіп, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды үздіксіз жүзеге асыруда. Бұл шаралар ауданның көркеюіне, экологиясының жақсаруына және тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: «Халық заңгері» акциясы өтеді — құқықтық сауаттылық пен заң көмегін арттыруға арналған маңызды шара

Next Post

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЕН ТҰРМЫСТЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі