13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтіледі

1 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жол сапасын сақтау және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылып жатыр. Бұл бастама жүк көліктерінің шамадан тыс салмағы арқылы жолдарды бүлдіруінің алдын алуға бағытталған.

Қаланың жол инфрақұрылымын сақтап, транзиттік қозғалысты ретке келтіру үшін 2024–2025 жылдарға арналған жоба аясында жалпы сомасы 1,021 миллиард теңге қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігер ұйым ретінде «QSM Engineering» ЖШС анықталды.

2024 жылы бөлінген 308,6 миллион теңге көлеміндегі қаржыға алғашқы үш өлшеу станциясының құрылысы аяқталды. Олар Шымкент қаласына кіретін негізгі бағыттарда – Жібек жолы көшесінде (Шымкент–Сайрам бағыты), Бердібек қожа көшесінде және Әмір Темір көшесінде орналасқан. Қазан айынан бастап бұл бекеттер толық іске қосылып, шамадан тыс жүкпен жүретін көліктерге автоматты түрде айыппұл салу жүйесі енгізіледі.

Жобаның келесі кезеңі бойынша 2026 жылға дейін қала аумағында тағы алты автоматтандырылған өлшеу станциясы салынбақ. Бұл мақсатқа 712,6 миллион теңге бөлінеді. Жоспарланған жаңа нүктелер төмендегідей:

  • Әл-Фараби көшесі – Ынтымақ және Исфиджаб шағынаудандары маңында

  • Темірлан тасжолы – Халықаралық әуежай маңында

  • Бәйдібек би даңғылы – Бозарық шағынауданына жақын

  • А-2 айналма жолы – Ипподром маңы

  • Шымкент–Ташкент тас жолы – транзиттік жүк қозғалысы жоғары аймақ

Аталған учаскелер жүк көліктері жиі жүретін негізгі бағыттарда орналасқан. Жоба толық жүзеге асқанда, қалаға кіріп-шығатын барлық ауыр көлік бақылауға алынбақ.

Мамандардың айтуынша, ауыр жүк көліктері — қала жолдарының басты «жауы». Жүктемесі нормадан асқан әрбір көлік жабындының мерзімінен бұрын тозуына себеп болады. Бір ауыр жүк көлігінің жолға түсіретін салмағы жүздеген жеңіл көлікке тең екені белгілі.

— Жолдардың сапалы әрі ұзақ қызмет етуі үшін жүктемені бақылау — басты мәселе. Бүгінде кейбір тасымалдаушы компаниялар заңмен белгіленген салмақ мөлшерін елемейді. Бұл — жолға, қала бюджетіне және ең бастысы — тұрғындардың қауіпсіздігіне үлкен қауіп, — дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері.

Орнатылып жатқан өлшеу станциялары толықтай автоматтандырылған және сандық технологияларға негізделген. Әр көлік арнайы датчик арқылы тіркеліп, жүйе оның салмағын, жылдамдығын және мемлекеттік нөмірін автоматты түрде анықтайды.

Егер көліктің жүктемесі заңмен белгіленген шектен асатын болса, автоматты түрде айыппұл рәсімделіп, жүргізуші немесе тасымалдаушы компания тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек полицияның немесе әкімдіктің міндеті емес, ол — ақылды қала жүйесіне негізделген тұтас механизмнің жұмысы. Шымкент қаласында жол қозғалысы, жолаушылар тасымалы және көлік ағынын басқару салаларында цифрлық шешімдер кеңінен енгізілуде. Ауыр жүк көліктеріне арналған өлшеу станциялары осы жүйенің маңызды бөлігіне айналмақ.

Бұл бастама қаланың транзиттік әлеуетін нығайтып қана қоймай, инфрақұрылымдық ресурстарды үнемдеуге, қала бюджетіне түсетін жүктемені азайтуға және жол-көлік апаттарының алдын алуға мүмкіндік береді.

Ауыр көліктерге бақылау орнату — бұл тек жолдарды сақтау шарасы емес, Шымкент қаласының даму болашағына салынған инвестиция. Автоматтандырылған өлшеу станциялары тәртіпті күшейтіп, жауапкершілікті арттырады. Ал ең бастысы — қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін маңызды кепіл болмақ.

Previous Post

Шымкентте көрнекі ақпараттағы қазақ тіліне бақылау күшейтілді

Next Post

Шымкентте «Ақжар» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға жақын

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі