13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды

16 сентября, 2025
in Uncategorized
0
Шымкент қаласында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында учаскелік полиция инспекторлары әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеп, қауіпті отбасыларды бақылауда ұстайды. Қажет болған жағдайда жәбірленушілерге құқықтық, психологиялық, медициналық көмек көрсетіледі. Бұл акцияға жастар мамандарының қатысуы да ерекше мәнге ие болды. Жастар ресурстық орталығының өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тек ересектер ғана емес, жасөспірімдер де жиі куә немесе құрбан болатынын атап өтті. Сондықтан алдын алу жұмыстары мектеп пен колледж оқушыларын да қамтуы тиіс. Орталық мамандары жастарға арналған тренингтер, семинарлар өткізу арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алуға тырысуда. Мұндай профилактикалық акциялар Шымкентте бұрын да ұйымдастырылып келген. Қаламызда «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты қалалық кампания өткен болатын. Ол кезде негізгі назар әйелдерге арналған дағдарыс орталықтарының қызметін таныстыруға бағытталды. Ал бұл жолы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары мектептер мен ЖОО-ларда түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.  Әсіресе студенттер арасында «Токсикалық қатынастар» тақырыбында дәрістер ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Қауіпсіз ел» жобасы аясында Шымкентте бірнеше рейдтік шара өтті. Учаскелік полиция инспекторлары тәуекел тобындағы отбасыларды аралап, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндіруде. Акцияның өзгешелігі – оған тек полиция ғана емес, жастар ұйымдары да белсенді араласқаны. Бұл тұрмыстық зорлық мәселесін тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ проблемасы ретінде қарастыру қажеттігін көрсетті. Акцияға қатысқан тұрғындар мұндай іс-шаралардың өзекті екенін айтты. Кейбір азаматтар бұрын тұрмыстық зорлықтың тек физикалық түрін ғана білетінін, ал экономикалық немесе психологиялық қысым да заңмен қарастырылатынын алғаш рет естігендерін жеткізді. Психологтар пікірінше, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажет. Себебі зорлық-зомбылық мәселесі бір реттік акциямен шешілмейді. Тек тұрақты түсіндіру, құқықтық көмек пен қоғамның ашық көзқарасы арқылы ғана бұл проблеманы азайтуға болады. Шымкентте  тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акция – халықты ақпараттандырудың, жастарды тәрбиелеудің және құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестірудің тиімді үлгісі болды. Мұндай шаралар тұрғындарға тек заңды білуге ғана емес, қиын жағдайға тап болғанда қайда жүгінуге болатынын нақты түсінуге мүмкіндік береді. Ал бұрынғы жылдардағы тәжірибелермен салыстырғанда, 2025 жылғы іс-шараның ерекшелігі – алдын алу жұмыстарының кеңеюінде. Қоғамның барлық буынын қамтып, әсіресе жастарға бағытталуы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Осылайша, Шымкентте жүргізілген профилактикалық жұмыс қоғамды қауіпсіз әрі әділетті етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Previous Post

«Интернет — не религиозный наставник»: В Шымкенте прошла просветительская встреча со студентами

Next Post

В Шымкенте проведены работы по формированию правовой культуры

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі