13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында түнгі рейд жұмыстары өткізілді

8 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында түнгі рейд жұмыстары өткізілді
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түнгі рейдтің мақсаты — көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, жасалған қылмыстардың ізін суытпай ашу, қайта қылмыстың алдын алу болып табылады. Осыған сәйкес қалалық полиция басқармасы, Пробация қызметкерлері мен сервистік моделдің мүшелері пробация есебіндегі тұлғалармен қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара жүргізілді. Сотталғандарға бір апталық рейдттік шара жүріп жатқаны ескертілгеніне қарамастан, заңды бұзатындар кездеседі. Кешкі уақытта сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру шарасы аясында 1 сотталған азамат үйінде болмай шықты. Оған әкімшілік хаттама толтырылып, қатаң ескерту берілді. Сонымен қатар рейд барысында мегаполистегі бірнеше көңіл көтеру орындарына тексеру ұйымдастырылды. Полицейлер мекеме әкімшілігімен бірге әрбір бөлмені аралап, есірткі заттарының заңсыз айналымы бар-жоғын бақылап шықты. Сонымен қатар, келушілердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы үшін қандай шаралардың қабылданғаны, бейнебақылау жүйесінің тиімділігі, күзет қызметінің жұмысы да назардан тыс қалған жоқ. Іс-шара барысында мекеме өкілдерімен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәуекелді орындар анықталып, ондағы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді. Полицейлер ойын-сауық орындарының басшылығына қонақтардың жас ерекшелігін мұқият бақылау, кәмелетке толмағандардың кіруіне жол бермеу, сондай-ақ күмәнді заттардың айналымына қарсы бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін ерекше атап өтті. Шымкент қаласы Полиция департаменті алдағы уақытта да рейдтік шараларды күшейтіп, барлық ойын-сауық орындарында тұрақты түрде алдын алу жұмыстарын жалғастырады. Бұл – қаладағы құқықтық мәдениетті арттырып қана қоймай, жастарды зиянды әдеттен қорғап, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Бұл бағыттағы жұмыстардың түпкі мақсаты – тексеру жүргізу ғана емес, құқықтық сананы арттыру, яғни жастарға қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыру. Өйткені, заңды білмей жасалған қателік адамның болашағына ауыр салдар тигізуі мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшылары тұрғындарға және ойын-сауық мекемелерінің иелеріне ортақ міндет – есірткі қылмысына жол бермеу, заңға бағыну және қоғамда қауіпсіздік орнату екенін жеткізді. Қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі – жастардың уақытын өткізетін орындарда заңдылықты қамтамасыз ету және есірткі қылмысының алдын алу. Себебі, түнгі клубтар, ойын-сауық орындары мен лаундж-барлар көп жағдайда түрлі құқық бұзушылықтардың ошағына айналуы мүмкін. Осыған байланысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері кезекті алдын алу іс-шарасын тұрақты түрде ұйымдастырып отырмақ.

Previous Post

Беспорядочно оставленные электросамокаты — угроза общественной безопасности

Next Post

В Шымкенте проведены ночные рейды с целью обеспечения правопорядка

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі