13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Израиль ұзақмерзімді серіктестікті нығайтуға ниетті

25 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Израиль ұзақмерзімді серіктестікті нығайтуға ниетті
Share on FacebookShare on Twitter

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 24 ақпаны — Бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, израильдік делегацияны Сыртқы істер министрлігі Бас директорының орынбасары Гарри Корен басқарды.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі негізгі бағыттардың жағдайы мен перспективаларын талқылады. БҰҰ мен АӨСШК аясында және дамуға ресми көмек жөніндегі KazAID және MASHAV ұлттық агенттіктері арасындағы ынтымақтастыққа баса назар аударды. Екіжақты сауда-экономикалық, ауыл шаруашылық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Нұр-Сұлтан мен Тель-Авив арасындағы ұзақмерзімді серіктестікті одан әрі тереңдету мақсатында екі елдің сыртқы саяси мекемелері байланыстарының жоғары деңгейін сақтау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақстан Түркияға, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Украинаға рейстер санын арттырады

Next Post

Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі