13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда

29 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында кешенді іс-шаралар жалғасуда. Соның бірі – Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы қызметкерлерінің Политехникалық колледж студенттерімен өткізген кездесуі болды.

Аталған іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Ювеналдық полиция тобының жауапты мамандары қатысып, жасөспірімдермен ашық форматта тәрбиелік мәні зор сұхбат жүргізді.

Заңды білу – өзіңді қорғау

Кездесу барысында полицейлер студенттерге құқықтық нормаларды сақтау, қоғамда тәртіп пен жауапкершілікке мән беру, заң бұзушылықтарға жол бермеудің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді. Жастарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат беріліп, әрбір азамат заң алдында тең екенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, құқық қорғаушылар құқық бұзушылықтың кейде қарапайым ережелерді елемеуден басталып, кейіннен ауыр салдарға апаратынын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Полицейлер жастардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызына тоқталды.

Жиын барысында жастарға жаман әдеттерден – темекі шегу, ішімдік ішу, нашақорлықтан аулақ болуға кеңес берілді. Салауатты өмір салтын ұстанудың, спортпен шұғылданудың және бос уақытты тиімді өткізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Қазіргі таңда ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілерде кибербуллинг, алдау-арбау сынды қауіптер де артып отырғаны айтылып, одан сақ болудың жолдары түсіндірілді. Сонымен бірге, есірткіге қатысты кез келген әрекетке қатысу – ауыр қылмыс екені, тіпті интернет-дүкендердің «курьері» болудың да соңы темір торға апаратыны ескертілді.

Полицейлер студенттерге: «Бүгінгі тәртібіңіз – ертеңгі болашағыңыз. Мектепте, колледжде, қоғамда тәртіп пен жауапкершілікке бейімделген адам болашақта да заңды құрметтейтін тұлға болып қалыптасады» деген ойды жеткізді.

Қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен жасөспірімдердің кей жағдайда білместіктен немесе құрдастарының ықпалымен заң бұзушылыққа баруы мүмкін екені айтылып, ондай жағдайлардың алдын алу үшін жастардың ата-аналармен, ұстаздармен және полициямен тығыз байланыста болғаны абзал екені атап өтілді.

Іс-шара соңында полицейлер «Адам өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары – ең қымбат құндылықтар» екенін баса айтып, қоғамда бейбіт өмір сүру үшін әр азамат заң мен тәртіпті сақтауға міндетті екенін еске салды.

Колледж ұжымы да полицейлерге осындай маңызды шаралар үшін алғыс білдіріп, жастардың құқықтық сауатын арттыру бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

Жастар – ел болашағы. Сондықтан олардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне тек білім беру ұйымдары мен ата-аналар ғана емес, қоғам болып көңіл бөлген абзал. Шымкент қаласы полиция қызметкерлерінің бұл бастамасы – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайтуға бағытталған нақты қадам.

Previous Post

НОЧНЫЕ РЕЙДЫ В ШЫМКЕНТЕ: ЗАЩИТА ПРАВ ГРАЖДАН И УКРЕПЛЕНИЕ ЗАКОННОСТИ

Next Post

Профилактика правонарушений среди подростков – приоритетное направление

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі