13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Есірткі – зұлым!» атты кездесу Шымкентте оқушылар арасында өтті

12 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
«Есірткі – зұлым!» атты кездесу Шымкентте оқушылар арасында өтті
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жас ұрпақтың амандығы мен қауіпсіздігі – қоғамның басты құндылығы. Бүгінде нашақорлықтың, әсіресе синтетикалық есірткі түрлерінің жастар арасында таралуы – тек құқық қорғау органдарын емес, барша қоғамды алаңдатып отырған күрделі мәселе. Осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерінде есірткі қылмысының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Осындай іс-шаралардың бірі Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беру мектебінде өтті. Кездесуді Шымкент қаласы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіру және оқушылардың бойында зиянды әдеттерден аулақ болуға деген саналы көзқарас қалыптастыру.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушыларымен тәрбиелік және ақпараттық бағыттағы ашық әңгіме жүргізіп, қазіргі қоғамдағы есірткі мәселесінің өзектілігін, оның адам өміріне әкелетін қауіп-қатерін нақты мысалдармен түсіндірді.

Спикерлер атап өткендей, кез келген есірткі түрінен бас тарту – әлсіздік емес, керісінше, рухани мықтылық пен өз өміріне деген жауапкершіліктің белгісі.

«Бүгінгі таңда қоғам сіздерге үміт артады. Жаман жолға түсудің алдында бір сәт ойланып, өз болашағыңызды таңдаңыздар. Ең бастысы – өзіңізге, отбасыңызға, ортаңызға адал болу», – деді тәртіп сақшылары оқушыларға.

Кездесу барысында оқушыларға қылмыстық жауапкершілік жасы, заң бұзған жағдайда туындайтын құқықтық салдарлар туралы кеңінен түсіндірілді. Мамандар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды білмеуі оларды жауапкершіліктен босатпайтынын баса айтты.

Сондай-ақ, оқушыларға салауатты өмір салтының пайдасы, дене мен ақыл-ой дамуына тигізер оң әсері жайлы ақпарат беріліп, бос уақытты тиімді пайдалану жолдары ұсынылды.

Полиция қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарынан қымбат ештеңе жоқ екенін атап өтті. Қауіпсіз, есірткіден ада қоғам құру – тек құқық қорғау органдарының емес, барша азаматтардың ортақ міндеті екені айтылды.

«Есірткі – зұлым!» тақырыбындағы кездесу оқушылар үшін маңызды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып, олардың теріс жолға түспеуіне, өмірде дұрыс таңдау жасауына жол ашады.

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Previous Post

УРОКИ БЕЗОПАСНОСТИ ДЛЯ ШКОЛЬНИКОВ: В ШЫМКЕНТЕ ПРОВЕДЕНО ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ

Next Post

«Наркотики — зло!» — в Шымкенте полицейские провели встречу с учащимися

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі