13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте түрмеден босатылғандарды есірткіге қарсы күреске ерікті ретінде тарту басталды

9 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте түрмеден босатылғандарды есірткіге қарсы күреске ерікті ретінде тарту басталды
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға ерікті ретінде тарту жұмыстары басталды. Бұл бастама — құқық бұзушылықтың алдын алу мен бұрынғы сотталғандарды қоғамға бейімдеудің жаңа және тиімді жолдарының бірі ретінде қарастырылып отыр. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының Полиция департаменті мен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бірлесіп, аталған бағытта бірқатар ұйымдастырушылық шараларды қолға алды. Мақсат — есірткі қылмыстарының алдын алу, сотталғандар арасында жауапкершілік сезімін қалыптастыру және түрмеден босатылған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету.

Түсіндіру жұмыстары екі түзеу мекемесінде өтті Осы аяда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №69 және №54 түзеу мекемелерінде тақырыптық кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазіргі уақытта жазасын өтеуші азаматтармен ашық диалог форматында әңгімелер жүргізіліп, нашақорлықтың зияны, есірткіге байланысты қылмыстардың ауыр зардаптары, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтың салдары кеңінен түсіндірілді.

Кездесудің басты бағыты — сотталғандар арасында есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыру және оларды қоғамға оралған соң, еріксіз емес, ерікті түрде пайдалы істерге қатыстырудың маңыздылығын жеткізу болды. Мамандардың пікірінше, бұл тәсіл бұрынғы сотталғандардың қоғам алдында өзін жауапты сезінуіне, сенім мен өз орнын табуына, сондай-ақ қайта қылмыс жасау қаупін төмендетуге көмектеседі. Ерікті ретінде атсалысатындар нашақорлықтың зияны туралы қоғамдық кездесулерде, профилактикалық акцияларда және жастармен өткізілетін тәрбиелік шараларда өз тәжірибесімен бөлісіп, өз өмірінен нақты мысалдар келтіре алады. Бұл — жасөспірімдер мен қоғам мүшелеріне теріс жолға түспеудің маңызды ескертуі бола алады.

Қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы жаңа байланыс Шара барысында жауапты органдар әлеуметтік оңалту мен қайта әлеуметтендірудің маңыздылығына тоқталып, бұл бастама алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынын мәлімдеді. «Бұрынғы сотталғандарды пайдалы қоғамдық істерге тарту — олардың ішкі сенімін нығайтып, өмірлік ұстанымын өзгертуге жол ашады. Бұл — тек қана құқықтық емес, әлеуметтік оңалту тетігі», — деді ұйымдастырушылар. Шымкентте бастау алған бұл пилоттық жоба — бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қоғамға бейімдеу мен оларды зиянды әрекеттерден аулақ ұстаудың тың форматы. Мұндай кешенді әрі нақты бағытталған жұмыс қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендетуге, сондай-ақ есірткіге қарсы күресті жандандыруға үлкен үлес қосады. Ішкі істер органдары мен ҚАЖ жүйесі бұл бастаманы өзара ынтымақтастықта жалғастырып, еліміздің басқа өңірлерінде де енгізуді жоспарлап отыр.

Previous Post

Безопасность детей в Шымкенте — в приоритете: сотрудники полиции встретились со старшеклассниками

Next Post

В Шымкенте началась работа по привлечению освобождённых из мест лишения свободы к антинаркотическим мероприятиям в качестве волонтёров

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі