13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ ТАНЫМДЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

24 сентября, 2025
in Uncategorized
0
ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ ТАНЫМДЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жастарға арналған маңызды кездесу өтті. «Ғаламтор – діни ұстаз емес» тақырыбында өткен түсіндірме жұмыстарының басты мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттырып, олардың теріс діни ағымдарға ілесіп кетуінің алдын алу.

Кездесуге Шымкент қаласының Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлім басшысы Абдукаримов Асан, теолог маман Аманкелді Нұрдаулет, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Этномедиация кеңесі төрағасының орынбасары, кәсіби медиатор Каршибаева Юлдузхан Мамадовна және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Абдукаримов Нұржан қатысты.

Шара барысында мамандар жастарға әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі діни мазмұндағы ақпараттарды сүзгіден өткізіп қабылдау қажеттігін ескертті. Себебі бүгінгі таңда ғаламторда өзін «діни ұстаз» ретінде көрсетіп, жастарды адастыратын топтар аз емес. Теологтар студенттерге ҚМДБ ресми сайттары мен сенімді дереккөздерден ғана мәлімет алуды ұсынды.

Абдукаримов Асан жастарға: «Интернет – білім көзі болғанымен, оның ішінде жалған ақпарат та өте көп. Сондықтан әрбір жас діни ақпаратты тек ресми және сенімді арналардан іздеуі тиіс. Діни сауаттылық – қоғамның тұрақтылығы мен болашағы үшін аса маңызды», – деп атап өтті.

Кездесуде кәсіби медиатор Юлдузхан Каршибаева діни алауыздықтың этносаралық қатынастарға кері әсерін түсіндіріп, жастарды өзара сыйластық пен бірлікке шақырды. Ал теолог маман Аманкелді Нұрдаулет теріс ағымдардың белгілерін атап өтіп, олардан сақтану жолдарын нақты мысалдармен жеткізді.

Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар кездесудің ашық диалог түрінде өтуіне ықпал етті. Жастарды көбіне «қалай дұрыс ақпаратты ажыратуға болады?», «теріс ағымдардың ықпалынан қалай қорғанамыз?» деген сұрақтар қызықтырды. Мамандар әрбір сауалға түсінікті тілмен жауап беріп, практикалық кеңестер берді.

Жастар ресурстық орталығының өкілдері мұндай кездесулердің жастар үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Бүгінгі жастар – ертеңгі ел болашағы. Олардың діни сауаты жоғары болса, қоғамда тұрақтылық пен бейбітшілік нығаяды. Біз жастардың адаспай, дұрыс жолды таңдауы үшін жүйелі түрде осындай түсіндіру шараларын өткізуді жалғастырамыз», – деді ұйымдастырушылар.

Жалпы, бұл шара жас буынға рухани тәрбие беріп қана қоймай, олардың діни танымын тереңдетуге, сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыруға ықпал етті. Мұндай кездесулер мемлекеттік жастар саясатының маңызды бөлігі ретінде алдағы уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз.

Previous Post

Профилактика бытового насилия: новый вектор молодежной политики

Next Post

Разъяснительная работа по повышению религиозной грамотности среди молодежи

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі