13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте полицейлер шетелдік студенттермен көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді

22 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте полицейлер шетелдік студенттермен көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында шетелдік студенттердің Қазақстан Республикасында болу тәртібін түсіндіру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқықтық-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өтті.

Кездесуге Шымкент қалалық Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Нұрсұлтан Сембаев, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Мұрат Медетбеков, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Ерлан Сапарбаев қатысты.

Жиын барысында полицейлер шетелдік студенттерге ҚР көші-қон заңнамасының негізгі талаптарын кеңінен түсіндірді. Атап айтқанда:

  • Елімізде уақытша болу тәртібі

  • Уақытша тіркеу мерзімі мен тәртібі

  • Визаның ұзартылу жолдары

  • Шетелдік азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Сонымен қатар, студенттерге тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда немесе оқу орнын өзгерткен жағдайда уақтылы тіркеу деректерін жаңарту қажеттілігі ескертілді. Мұндай ережелердің сақталмауы шетелдік азаматтардың құқықтық мәртебесіне теріс әсер етуі мүмкін екендігі атап өтілді.

Кездесу тек көші-қон заңнамасымен шектелмей, қоғамдағы өзекті мәселелер – интернет алаяқтық, есірткі қылмысының алдын алу, әлеуметтік желілерде таралуы мүмкін құқық бұзушылықтар тақырыптарын да қамтыды.

Полицейлер интернет арқылы таралатын алаяқтық схемалар, есірткі жарнамасына қатысты фейк аккаунттар, және қылмыстық жауапкершілікке апаратын әрекеттер туралы нақты мысалдар келтіре отырып, студенттерді сақ болуға шақырды.

«Әлеуметтік желілерде ұсынылған күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер, бейтаныс адамдармен жеке деректермен бөліспеңіздер, күмәнді парақшаларға сенбеңіздер. Киберқауіпсіздік – барлығымызға ортақ жауапкершілік», – деді көші-қон қызметінің өкілдері.

Кездесу соңында шетелдік студенттер полицейлерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, көші-қон рәсімдеріне қатысты нақты ақпараттар алды. Тәртіп сақшылары осындай профилактикалық іс-шаралардың шетелдік азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, ел ішінде заң талаптарын сақтауға бағытталғанын айтты.

Шымкент қалалық Полиция департаменті алдағы уақытта да жоғары оқу орындарында оқитын шетелдік студенттермен кездесулер өткізіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратынын мәлімдеді.

Бүгінде шетелдік студенттер – Қазақстанның білім беру жүйесінің маңызды бөлігі. Олардың елімізде бейбіт және қауіпсіз жағдайда білім алуын қамтамасыз ету – мемлекет пен қоғам алдындағы ортақ міндет. Ал бұл бағыттағы жұмыстардың негізгі бөлігі – құқықтық сауаттылық пен тәртіпті сақтау.

Previous Post

Наркомания — угроза твоему будущему

Next Post

В Шымкенте полицейские провели встречу со студентами-иностранцами по вопросам миграционного законодательства

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі