13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

10 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қоғамның қауіпсіздігі мен ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау – ішкі істер органдары қызметінің басты бағыттарының бірі. Осыған орай, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері Қаратау ауданына қарасты №114 жалпы орта білім беретін мектебіне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға есірткі мен зиянды әдеттердің адам өміріне тигізер кері әсерін түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың бойында заңға құрмет пен салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру болды.

Кездесуге Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков пен есірткі құқық бұзушылығының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі, қоғам белсендісі Бахадыр Бекарыс қатысты. Олар оқушылармен ашық сұхбат жүргізіп, нақты мысалдар арқылы нашақорлықтың зардабы, қылмыстық жауапкершілік туралы мағлұматтар берді.

Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның негізі

Маманның айтуынша, құқықтық сауаты төмен жастар есірткіге немесе басқа да теріс әрекеттерге еліктеуге бейім болуы мүмкін. Сондықтан мектеп жасынан бастап құқықтық түсінік пен тәртіпке бағынудың маңыздылығын ұғындыру қажет.

– «Бүгінгі таңда қоғамда нашақорлыққа қарсы күрес – мемлекет үшін маңызды басымдықтардың бірі. Ата-ана, ұстаз, құқық қорғау қызметкерлері бірігіп әрекет етсе ғана біз жастарымызды жат әдеттерден сақтап қала аламыз. Әрбір жас азамат – ел болашағы. Сондықтан олардың тәрбиесі, өмірлік ұстанымы, таңдауы біз үшін өте маңызды», – деді Б. Карбеков.

Сондай-ақ, кездесуде оқушыларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жасы туралы кеңінен түсіндіріліп, қандай әрекеттердің заң бұзушылық болып саналатыны нақты мысалдармен көрсетілді.

Жиын барысында полицейлер жасөспірімдерді бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен шұғылдануға, шығармашылықпен айналысуға және өз қабілеттерін дамытуға шақырды. Олар салауатты өмір салтын ұстанудың жастар үшін болашақта дұрыс таңдау жасауға көмектесетінін ерекше атап өтті.

– «Бүгінгі таңда көптеген қауіптер – ғаламтор, әлеуметтік желілер, уландырушы ақпарат, сондай-ақ есірткі мен темекі өнімдерінің жастар арасында таралуы байқалып отыр. Бұған тек қана біліммен, тәртіппен және берік отбасылық тәрбиемен қарсы тұруға болады», – деді кеңес мүшесі Бахадыр Бекарыс.

Мұндай кездесулердің тәрбиелік және ақпараттық маңызы зор. Жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, олардың өзін-өзі тануына және болашаққа деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға оң әсер етеді. Шымкент қаласы полиция департаменті алдағы уақытта да қала мектептерінде осы бағыттағы түсіндіру және алдын алу шараларын тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік – тек полицияның емес, барша азаматтардың ортақ міндеті. Ал жастар – осы қоғамның болашағы. Ендеше, оларды дұрыс жолға бағыттап, санаға салмақты ой салу – бүгінгі күннің басты талабы.

Previous Post

Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларды қолдау мәселелері талқыланды

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ ПОЛИЦЕЙСКИЕ ПРОВЕЛИ ВСТРЕЧУ СО ШКОЛЬНИКАМИ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі