13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

2 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған игі бастамалар жалғасуда. Соның аясында Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кезекті «Жас сақшы» кадет сыныбы салтанатты түрде ашылды. Бұл жолы жаңа сыныпқа қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері – Нұржан Алтынбековтің есімі берілді.

Салтанатты іс-шараға Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Маулен Ахметов, ішкі істер органдарының қызметкерлері, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

– «Жас сақшы» кадет сыныптарын ашу – тек білім беру бастамасы ғана емес, бұл – болашақ ұрпаққа тәртіп, Отанға адалдық, азаматтық борыш пен адамгершілік қасиеттерді үйретудің нақты қадамы. Бүгінгі оқушылар – ертеңгі ел қорғандары. Олар Қазақстанның заңдарын қорғап, қоғамның қауіпсіздігіне үлес қосатын азаматтар болып өседі деген сенімдеміз, – деді өз сөзінде Маулен Ахметов.

Полиция қызметкері Нұржан Алтынбековтің есімімен аталған бұл сыныптың ашылуы – ел үшін жанын қиған қаһарманның ерлігін өскелең ұрпақтың есінде мәңгі қалдырудың бір жолы. Іс-шара барысында Нұржан Алтынбековтің өмірі мен қызметтік жолы туралы естеліктер айтылып, ерлікке тағзым ретінде бір минут үнсіздік жарияланды.

«Жас сақшы» сыныптарында оқушыларға құқық негіздері, алғашқы әскери дайындық, қоғамдық тәртіпті сақтау, төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері үйретіледі. Сондай-ақ тәртіп сақшыларымен тығыз байланыста болып, практикалық сабақтар мен экскурсияларға қатысады.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мұндай бағдарлама оқушылардың бойында тәртіп пен жауапкершілік, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға зор ықпал етеді.

Оқушылар полицейлермен еркін сұхбат құрып, ішкі істер органдарындағы қызмет ерекшеліктерімен танысты. Тәртіп сақшылары оларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жақсы білім алып, елге адал қызмет етуге шақырды.

– Бүгінгі таңда біз үшін ең маңыздысы – жастарды жат ағымдардан, құқықбұзушылықтан сақтау және оларды дұрыс жолға бағыттау. «Жас сақшы» сияқты сыныптар осы мақсатта үлкен рөл атқарады, – дейді іс-шараға қатысқан ішкі істер органдарының ардагері.

Айта кетейік, бұған дейін де Шымкент қаласында дәл осындай үш «Жас сақшы» сыныбы ашылған болатын. Онда оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, әскери-патриоттық бағытта білім алып келеді.

Болашақта бұл тәжірибе қаладағы басқа да мектептерде жалғасын табатыны күтілуде. Жоба жастар арасында тәртіп пен заңға құрмет сезімін қалыптастыруда, олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына жол ашуда.

Previous Post

Шымкентте заманауи үлгідегі №152 мектеп оқушыларға есігін ашты 

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛСЯ НОВЫЙ КЛАСС «ЖАС САҚШЫ»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі