13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Елбасы құрметіне бөленген ұстаз

23 февраля, 2021
in Мәдениет
0
Елбасы құрметіне бөленген ұстаз
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік жас өрендердің дарынын ашқан, ән әлемінің қыр-сырына терең бойлатқан Роза Амрина 30 жылдан бері музыка пәнінен сабақ беріп келеді. Саналы ғұмырын балаларға арнаған Роза апай бүгінде Абай атындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында еңбек жолын жалғастырып отыр.

Ұлағатты ұстаздың шәкірттері 1991-2011 жылдар аралығында Берлин, Прага, София, Париж, Стамбул, Анкара қалаларында өткен байқауларда өнер көрсетіп, «Бас жүлде» мен І орын лауреаттары атанды.

Ал, 2002 жылы шәкірті Ерден Жақсыбеков Американың Луизияна Штатында өткен «Золотая могнолия» байқауынан «Бас жүлде» алды. Осыған орай, үздік ұстаз ретінде Елбасының қабылдауында болып, арнайы «Алғыс хат» табысталды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бүгінге дейінгі ұстаздың еңбектері аз емес. 1991 жылы «Еңбек ардагері», 1993 жылы Францияда өткен дүниежузілік фольклорлык фестивальдің лауреаты, 2015 жылы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілері иегерінің өнерде де өзіндік орны бар. Ол «Жұлдызға жол» республикалық және халықаралық конкурстарының негізін салып, дарынды жастардың биікке өрлеу жолында қызмет еткен.

2013-2020 жылдар аралығында № 90 мектеп-гимназиясындағы 50-ден астам шәкірттері халықаралық байқауларда жоғары орындардан көрінді.

Роза Амринаның ерен еңбегінің арқасында Өмірбай Сағын Қазақстан атынан 2020 жылы Польшада өтетін «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауында қатысқан 684 үміткердің ішінен өткен 30 жас өнерпаздың бірі болды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз90 мектепРоза АмринаШымкент
Previous Post

Шымкентте әлеуметтік қызметкерлер алғаш рет тест тапсырды

Next Post

2021 жылы 27 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі