Іс-шара барысында арнайы мамандар мен теологтар қала тұрғындарына кереғар діни ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және одан қорғану жолдары туралы кең көлемде ақпарат берді.
Дін саласы мамандардың айтуынша, кез келген азамат діни мәселеге келгенде тек ресми дереккөздер мен дінтану мамандарына жүгінуі керек. Себебі әлеуметтік желілер мен бейресми уағыздардың артында қауіпті идеологиялар тұруы мүмкін. Дін – қоғамның рухани тірегі. Ал оны дұрыс түсініп, сауатты қабылдау – әр адамның міндеті.
Шымкент қаласында дін саласындағы өзекті мәселелерді түсіндіру мақсатында кешенді ақпараттық-насихат жұмыстары жалғасуда. Жуырда қаланың Орталық саябағында тұрғындарға арналған ашық кездесу ұйымдастырылып, «Жат діни ағымдардан қорғану және алдын алу тәсілдері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында арнайы мамандар мен теологтар қала тұрғындарына кереғар діни ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және одан қорғану жолдары туралы кең көлемде ақпарат берді. Мамандар деструктивті идеологиялардың әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіретінін, әсіресе жастар арасында діни сауаттылықтың төмен болуы түрлі радикалды идеялардың таралуына себеп болатынын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, дінтанушы мамандар тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Тұрғындар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамда орын алып жатқан діни жағдайларға қатысты пікірлерін білдірді.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Қоғамның діни сауаттылығын арттыру, әсіресе жастардың теріс ағымдар жетегінде кетуінің алдын алу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды кеңейтіп, түрлі форматта жалғастыру көзделіп отыр.
Мамандардың айтуынша, кез келген азамат діни мәселеге келгенде тек ресми дереккөздер мен дінтану мамандарына жүгінуі керек. Себебі әлеуметтік желілер мен бейресми уағыздардың артында қауіпті идеологиялар тұруы мүмкін. Дін – қоғамның рухани тірегі. Ал оны дұрыс түсініп, сауатты қабылдау – әр адамның міндеті.
Ақпараттық іс-шара нәтижесінде қатысушылар теріс ағымнан сақтанудың негізгі жолдарын біліп, жат идеяларға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерімен танысты.




