13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстандықтар дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстар енгізе алады

18 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстандықтар дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстар енгізе алады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ЦДИАӨМ дербес деректер саласын жетілдіруге және оларды қорғауға бағытталған заңнамаға түзетулер әзірлеуді бастады.

Цифрлық сервистер қазақстандықтардың өміріне жиі қолданысқа енуде, сонымен қатар дербес деректердің таралып кету тәуекелі де артып келеді. Қазіргі заманғы шындықтағы дербес деректердің қауіпсіздігі мәселелері біздің еліміз үшін басым мәселелердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты әрбір қазақстандық дербес деректерді қорғауды күшейту, жеке деректерге қатысты өз құқықтарын кеңейту және осы саладағы ұлттық заңнаманы жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады.

Ұсыныстар 2021 жылғы 15 наурызға дейін төмендегі тәсілдермен қабылданады:

— «Электрондық үкімет» порталында электрондық түрде;

— kib@mdai.gov.kz электрондық пошта;

— пошта арқылы мына мекенжайға: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс.

Жиналған ұсыныстар бірыңғай заң жобасында қалыптастырылады, өз кезегінде жұртшылықпен талқылауға шығарылатын болады.

Мазмұны бойынша ұсыныстар негізді әрі дәлелді болуға, сондай-ақ Конституциямен кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс екенін атап өткен жөн.

 

Previous Post

Шымкенттегі № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында көптеген бұзушылықтар анықталды

Next Post

Өмірзақ Шөкеев: Білім беру саласын ауқымды өзгерістер күтіп тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі