13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

20 сентября, 2025
in Uncategorized
0
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Айтуар Қошманбетов өңірдегі бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Айта кетейік, облыста алғаш рет 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асуда. Жоба аясында 152 өндірістік ғимарат салынып, 308 млрд теңге инвестиция тарту және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазіргі таңда 11 жоба жүзеге асырылып, 790 жаңа жұмыс орны ашылды.

Биыл қосымша 29 ғимараттың құрылысы аяқталып, 26 жоба іске қосылады. Нәтижесінде 136,8 млрд теңге инвестиция тартылып, тағы 1 950 адам жұмыспен қамтылады.

Сапар барысында депутат «Жасыл суық» тоңазытқыш зауытына барып, өндіріс барысымен танысты. Кәсіпорын басшыларымен кездесіп, зауытты әртараптандыру, құжаттамалық рәсімдер, арнайы зертхана ашу және заңнамалық қолдау мәселелерін талқылады.

«Жасыл суық Қазақстан» (UBC) халықаралық компаниясының жалпы құны 60 млн еуро болатын жобасы жылына 140 мың дана тоңазытқыш өндіруге қауқарлы.

Айтуар Асқарұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған бастамаларға тоқталып, оларды жүзеге асыруда кәсіпорындардың рөлі айрықша екенін атап өтті.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА WORLD CLEANUP DAY СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

Next Post

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі