13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ, КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

18 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ, КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
2025 жылдың алғашқы жартысында Шымкент қаласына 243 мыңға жуық турист келген. Оның басым бөлігі – ішкі туристер болса, 15,5 мыңнан астамы шетелдік қонақтар. Қаладағы орналастыру орындарының саны 159-ға жетіп, төсек-орын қоры 34%-ға артты. Қызмет көрсету көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсіп, 6,3 млрд теңгеден асты.
Туризмді дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Соңғы бір жылда 7 жаңа қонақ үй ашылып, тағы төртеуі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Жалпы 14,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 240 тұрақты жұмыс орны құрылуда. Бұған қоса, халықаралық деңгейдегі «Hilton» қонақ үйінің құрылысы басталып, 2026 жылы ашылады деп жоспарлануда. Табиғи аймақтарды тиімді пайдалану мақсатында «Omir Shymkent» глэмпинг жобасы қолға алынды.
Туристік инфрақұрылымды жақсарту үшін 17 бағыт бойынша маршруттар қызмет көрсетуде. Сонымен бірге Шымкенттен Сиань, Будапешт, Мюнхен, Шанхай, Каир, Сеул, Үрімші және Баку қалаларына жаңа әуе рейстері ашылды. Қалада туристерге қолайлы жағдай жасау үшін Visit-shymkent.com порталы, QR-кодтар мен 2ГИС жүйесіне енгізілген нысандар қолжетімді.
Жыл сайынғы гастрономиялық, көше тағамдары фестивальдері мен dronе-show секілді имидждік іс-шаралар Шымкентті туристер үшін тартымды ете түсуде. Бұған қоса, этноауылды жаңғырту, гастрономиялық аллея ашу және Бадам су қоймасы аумағын туристік дестинацияға айналдыру жұмыстары жоспарланып отыр.
Қаланың креативті индустриясы да қарқын алып келеді. 2025 жылы ашылған «Shymkent Creative HUB» орталығы шығармашылық жастардың алаңына айналып, түрлі мастер-класстар мен семинарларға жол ашты. Бүгінде қалада 2 мыңнан астам креативті кәсіпкер тіркелген, ал салаға қолдау көрсету үшін арнайы ассоциация жұмыс істейді.
Сыртқы байланыстар бағытында да ілгерілеушілік бар. Жыл басынан бері 26 дипломатиялық кездесу өткізіліп, Франция, Қытай, Қырғызстан және Болгариямен жаңа серіктестік жобаларға қол қойылды. Парижде «Шымкент күндері» ұйымдастырылып, Пловдив қаласымен бауырластық байланыс орнатылды. Осылайша, Шымкент туризмді дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және креативті индустрияны өркендету арқылы өзінің мәдени, экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттырып келеді.
Previous Post

ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – МЕГАПОЛИС БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Next Post

Тұран ауданы прокуратурасы 61 миллион теңге бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол бермеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі