13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Сарапшылар ковидтен кейінгі асқынулар туралы айтты

17 февраля, 2021
in Денсаулық
0
Сарапшылар ковидтен кейінгі асқынулар туралы айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық Қоғамдық денсаулық орталығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы», Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» сарапшылары вирустық аурулардың алдын алу, иммунитетті нығайту және постковидтік асқынулар туралы айтты.

Қазір вирустық сипаттағы респираторлық инфекциялардың 200-ден астам қоздырғышы бар. Ең көп таралған қоздырғыштарға А және В тұмауы вирустары, риновирустар, параинфлуа вирустары (1-4 түрі), тыныс алудың синцитиальды вирусы, коронавирустар және аденовирустар жатады. Жақында коронавирус серотиптері (MERS-CoV, SARS-CoV, NL63 және HKU) және энтеровирус, бокавирус және метапневмовирус сияқты жаңа вирустар ашылды. 2019 жылдың желтоқсанында SARS-CoV -2 вирусы алғаш рет анықталды.

«Тыныс жолдарының инфекциясы негізінен ауа тамшылары мен байланыс арқылы тарайды. Науқас түшкіргенде немесе жөтелгенде ауаға шырыш бөлшектері шашырайды да, екінші адам демалғанда ауамен жұғады. Диаметрі 10 мкм-ден аз ұсақ бөлшектер 1,8 метр арақашықтықта жұғуы мүмкін»,-деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ҰҚДО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.

Көптеген вирус жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясын тудырады, мысалы риновирустар, бірақ төменгі тыныс жолдарының инфекцияларына, мысалы, тұмау вирустарына, кейде өкпе паренхимасына да әсер етеді. Кейбір инфекциялардан некроз және жасуша өлуі мүмкін.
Егде жастағы адамдар, жас балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары (астма, қант диабеті, жүрек-тамыр аурулары) барлар және иммунитеті әлсіреген адамдар респираторлық инфекцияларға бейім. Көбінесе вирустық пневмония жиі асқынады.

«Вирустық пневмония тез өршиді және көп пациенттің 24 сағат ішінде тыныс алуы нашарлайды, яғни, жедел механикалық желдетумен тыныс алу қажет болады», — деп түсіндірді М.Смағұл.

Постковид синдромы немесе ковидтен кейінгі асқынулар CОVID-19-дан жазылған адамдардың шамамен 20%-ында кездеседі. Ол ұзақ мерзімді және 12 апталық болуы мүмкін, ал 2,3% жағдайда ұзақ уақыт зардап шегеді. Жалпы ұзақ мерзімді белгілердің ішінде медицина қызметкерлері тұрақты жөтел, субфебрильді температура, ентігу, әлсіздік, кеудедегі ауырсыну немесе қаттылық, жүрек соғысының жиілеуі, бас ауруы, дәм/иіс жоғалуы, бас айналу, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, делирий (қарттар) және психикалық денсаулықтың бұзылуын (мысалы, мазасыздық, депрессия) байқаған.
«Постковидтің симптомдарын үш топқа бөлуге болады.

Біріншісі — тыныс алу жүйесі белгілері. Тыныс алу жеткіліксіздігі, өкпеде қабыну процесі. Бұл жерде жөтел де, ентігу де күшейеді, жаттығу кезінде ауа жетіспейді, ал импульстік оксиметр қалыпты болады. Екінші — әлсіздік. Адам жата бергісі келеді, күші жоқ. Үшіншісі — жүйке жүйесінің зақымдануы, психикалық бұзылулар, ұйқының бұзылуы, дәм мен иіс жоғалуы, ойлау қабілетінің бұзылуы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы», — деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ. д. Сәуле Қасенова.

Тыныс алу жолдарының инфекциясын, соның ішінде коронавирусты жұқтырмас үшін маска киіп, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру керек, қолды үнемі сабынмен жуу қажет. Адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған дұрыс. Сондай-ақ, стресстен сақ болыңыз және спортпен шұғылданыңыз.

 

Previous Post

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді

Next Post

Шымкенттегі № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында көптеген бұзушылықтар анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі