13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ӨНІМДЕРДІ СЫРТҚЫ НАРЫҚТА КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРУ – ЕЛДІ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

11 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
ҰЛТТЫҚ ӨНІМДЕРДІ СЫРТҚЫ НАРЫҚТА КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРУ – ЕЛДІ  ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУДЫҢ  БІР ЖОЛЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Президенттің кезекті Жолдауында былай делінген:
«Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүз пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят. Бұған қоса, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек.
Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуге тиіс.
Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті. Сондықтан іс-әрекеттерді Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек».
Меніңше Президенттің халықты тұрақты түрде жеткілікті, сапалы, қолжетімді тағаммен қамтамасыз ету қабілеті туралы айтқаны өте орынды.

Шын мәнінде, қазіргі нарықтағы импортқа тәуелділік көңіл көншітпейді. Өзіміз аграрлық ел бола тұра, кейде қарапайым өнімдерді сырттан әкелу – ұят жағдай.
Бірақ негізгі стратегиялық азық-түлік өнімдерін ел ішінде өндіру – қауіпсіздіктің кепілі. Бұл әсіресе соңғы жылдардағы әлемдік тұрақсыздықты ескергенде айрықша маңызды.
Сонымен бірге, ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру да – үлкен мүмкіндік.
Шын мәнінде, қазақтың табиғи, экологиялық таза өнімдері әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие бола алады. Мысалға: қымыз бен шұбат – бұл тек сусын емес, денсаулыққа пайдалы биопродукт. Бүгінде Еуропа мен Корея елдерінде қымызға қызығушылық артып келеді. Ет өнімдері – қазақтың жылқы еті, қой еті – табиғи, дәмі ерекше. Халал стандарттары бойынша өңделсе, Таяу Шығыс елдерінде зор сұраныс бар. Сүт пен ірімшік өнімдері – органикалық сүт өнімдері әлемде өте жоғары бағаланады. Қазақтың құрт, ірімшік, сары майы брендке айнала алады.Бал және бал өнімдері – Қазақстан балын бүгінде Германия, Жапония сияқты елдер сатып алып жатыр. Бұл сұранысты кеңейтуге болады.
Сондықтан, ұлттық өнімдерімізді экспорттау – тек экономикалық пайда емес, сонымен бірге қазақ мәдениеті мен дәстүрін әлемге танытудың жолы

Previous Post

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БАҚЫТЫ МЕН БЕРЕКЕЛІ ӨМІРІ – ОРТАҚ МАҚСАТ

Next Post

ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІ - ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРШАМЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі