13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Депутаттар Сайрам ауданындағы жол құрылыстарымен танысты

5 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Депутаттар Сайрам ауданындағы жол құрылыстарымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған облыстық мәслихат депутаттары Сұлтан Көшенов, Нұржан Әшіров, Жаңабай Ағабеков, Ғабиден  Қапалбаев, Төрегелді Қалмұратов, Талғат Қаржауов, Сайдирасулхан Ералиев, Қанат Нышанов, Жамшидбек Туламетов Сайрам ауданындағы салынып жатқан бірқатар жол нысандарының құрылысымен танысты.

Халық қалаулыларына облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейіржан Жалайыров пен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мұздыбеков нысандардың жай-күйін таныстырды.

Аралау барысында ауыр жүк көліктерінің қатынау мәселесі, жолдың сапасын басты назарға алу, халықтың талап-тілегі бойынша түн уақытысында жүк көліктерінің жүруін тоқтату, карьерлерден шығатын көліктердің тазалығын сақтау және тағы да басқа ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, депутаттар алдағы уақыта өңірдегі өзге де жол құрылыс нысандарымен танысып, облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессия отырысында Түркістан  облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебін тыңдайтын болады.

Түркістан облыстық мәслихаты

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА СТАНДАРТТАР ЕНГІЗІЛЕДІ

Next Post

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі