13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

4 сентября, 2025
in Uncategorized
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкентте «AMANAT» партиясының қалалық филиалы кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Қоршаған ортаны қорғау мен қала тазалығын сақтау мақсатындағы шараға қалалық және аудандық филиал қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері және мемлекеттік коммуналдық қызмет мекемесінің жұмысшылары қатысты. Барлығы 40-тан астам адам бірлесіп, тазалық жұмыстарына атсалысты.

Бұл жолғы акция Еңбекші ауданының Нәзір Төреқұлов және Орынбай ақын көшелерінің қиылысында өтті. Қатысушылар жол жиегін қоқыстан тазалап, бейберекет өскен шөптерді шауып, қураған ағаш бұтақтарын кесті. Сонымен қатар, арнайы техниканың көмегімен өзен арнасы қоқыстан аршылды. Мұндай жұмыстар тұрғындар үшін жайлы әрі таза орта қалыптастыруға ықпал етті.

Жыл басынан бері «Таза бейсенбі» акциясы 34 рет ұйымдастырылып, оған 2500-ден астам қала тұрғыны қатысқан. Нәтижесінде 29 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 200-ден астам ағаш көшеті отырғызылған.

Аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасының аясында өткізілуде. Жобаның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты аялауға және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«Біз тазалық акциясына шыққанда арнайы мамандармен ақылдаса отырып, көптен бері тазалау жұмыстары жүргізілмеген жерлерде өткізуге тырысамыз. Қаланың тек көпшілікке көрінетін тұстары ғана емес, әрбір бұрышы таза болса екен дейміз. Бұл жағдай тұрғындар мен жастарға да өзінің оң әсерін тигізіп жатыр деп айтуға негіз бар», — деді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов.

Партия алдағы уақытта да бұл бағыттағы экологиялық бастамаларды тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр.

#AMANAT

Previous Post

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҚОЛДАУ ТАППАДЫМ» ДЕГЕН АЗАМАТ ДЕПУТАТТАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ І СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі