13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық депутат:»Жол картасында өзекті мәселелер қамтылған»

16 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістандық депутат:»Жол картасында өзекті мәселелер қамтылған»
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы:  Әр азаматқа лайықты өмір!»  сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын талқыланды. Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, нұротандық фракция мүшелері және басқарма басшылары қатысты. Мәжіліске қатысқан Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов 5 жылға арналған Жол картасының маңызды екенін айтты.
«Әрбір істі қолға аларда нақты жоспар мен жүйе қажет. Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жол картасы терең талдаудан өтті. Танысып шықтық. Барлық сала қамтылған. Қазіргі пандемия кезеңінде денсаулық сақтау саласын дамыту, білім саласына қолдауды күшейту маңызды болып тұр. Сонымен бірге жұмыс орындарының ашылуына күш салуымыз керек. Жол картасында осы мәселелер толыққанды қамтылған. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты жоспарлар бар. Алдағы 5 жылда өңірде 152 жаңа кәсіпорын ашылады немесе кеңейтіледі. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 148754-тен 348094-ке дейін артады. Яғни, 134 пайызға көбейеді. Бұл дегеніңіз – жаңа жұмыс орындары.
Түркістан облысына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында, Жол картасында осы жәйт та ескерілді. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бюджеттің таза әрі мақсатты жұмсалуын қадағалаймыз. Жұмыс адалдықпен атқарылса ғана өнімді болады. Сондықтан барша әріптестерімді осы жол картасының сапалы орындалуына атсалысуға шақырамын!», – дейді депутат А.Салимов.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

"Nur Otan": Түркістандық депутаттар жол картасын талқылады

Next Post

Түркістан облысында жыл басында 35 мыңға жуық ПТР тест жасалған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі