13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: Алаяқтық фактілерінің басым бөлігі интернет арқылы жасалуда

13 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
​ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: Алаяқтық фактілерінің басым бөлігі интернет арқылы жасалуда
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналарға балаларына бағасы жоғары телефондарды мектепке немесе қоғамдық орындарға бермеу ұсынылады. Шымкент қаласында өткен аптада тергеу органдарының өндірісінде 101 қылмыстық іс тіркеліп, оның үшеуі сотқа жолданған. Бұл туралы Шымкент қаласындағы өңірлік коммуникалар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді. Белсенді тіркелетін қылмыс түрлері қатарында алаяқтық (36 іс), ұрлық (22), есірткінің заңсыз айналымы (11), жол-көлік оқиғаларына қатысты (10) және тонау істері бар. Алаяқтық фактілерінің басым бөлігі интернет арқылы жасалуда — жалпы 36 істің 26-сы интернет-алаяқтыққа қатысты. Алаяқтықтың кең таралған тәсілдеріне: • интернеттегі тауарлық жарнамалар арқылы жасалатын әрекеттер (13 жағдай); • өздерін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып жалған қоңырау шалу (9 жағдай); • онлайн несие рәсімдеуге итермелеу (3 жағдай); • инвестицияға шақыру арқылы сенімге кіру (1 жағдай) жатады.

Мысалы, өткен аптада «М» есімді азаматшаға өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, оның шотынан несие рәсімделгенін айтып, 2 500 000 теңге көлеміндегі қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген. Қазір бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Мұндай жағдайлардың жиілеп кетуіне байланысты тұрғындарға белгісіз адамдардан түскен қаржылық сипаттағы қоңырауларға абай болу, сондай-ақ күмән туындаған жағдайда 102 нөміріне хабарласу ұсынылады. Жастар арасындағы есірткі заттарының заңсыз айналымы да алаңдатарлық деңгейде қалып отыр.

Интернет-дүкендер мен мессенджерлер арқылы есірткіге қолжетімділік артып, бұл қоғам үшін өзекті мәселеге айналуда. Мемлекет тарапынан жастарды заңды жұмысқа тартуға, білім, спорт және кәсіпкерлік салаларында қолдау көрсетуге бағытталған шаралар қарастырылып жатыр. Тіркелген құқықбұзушылықтарға қатысты ұсталғандардың дені – 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар (7 адам), ал 30-60 жас аралығында – 4 адам болған. Барлығының да жұмыссыз екені анықталған. Жол-көлік оқиғаларына қатысты 10 іс тіркелді. Негізгі себептер қатарында: • көлік жүргізу кезінде ұялы телефонға алаңдау; • жылдамдықты арттыру; • жаяу жүргіншілердің жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі; • кәмелетке толмағандардың самокат, скутерлерді жол ережесін сақтамай басқаруы; • мас күйінде көлік жүргізу жағдайлары тіркеліп отыр. Осыған байланысты жол қозғалысы қатысушыларынан сақтық пен тәртіпті сақтау талап етіледі.

Мектеп жасындағы балалардың жеке заттарының ұрлануы, әсіресе ұялы телефондар, жиілеп келеді. Соңғы аптада орын алған оқиғаның бірінде ойын алаңында жүрген 5-сынып оқушысының телефоны белгісіз адам тарапынан ұрланған. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналарға балаларына бағасы жоғары телефондарды мектепке немесе қоғамдық орындарға бермеу ұсынылады. Қаладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру – ортақ міндет. Құқық қорғау органдары бұл бағытта жұмыстарды жалғастырып келеді. Ал тұрғындарға өз қауіпсіздігіне мұқият қарап, күмәнді әрекеттерге жол бермеу – өз қолында.

 

Previous Post

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

Next Post

ОБЩЕСТВЕННАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: большинство случаев мошенничества совершается через интернет

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі