13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 МЕКТЕП ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

26 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 МЕКТЕП ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов мәлімдеді.

«Биыл облыстағы 16 029 білім қызметкері біліктілігін жетілдіреді. Бүгінде орта білімнің 7 309 мұғалімі біліктілік арттыру курстарынан өтіп, жыл соңына дейін 8 720 мұғалім білімін жетілдіреді. Сондай-ақ, алғаш рет «Ұстаз» ұлттық платформасында 12 826 педагог аттестациядан өтуге өтініш білдірді. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі. Облыста 42 қосымша білім беру мекемелерінде 28 951 оқушы, мектептердегі үйірмелерде 417 925 оқушы қосымша біліммен қамтылған. Биыл 6 мыңдай баланы қамтитын 5 қосымша білім беру ұйымдарының құрылысы басталды. Сонымен қатар, өңірде алғаш рет 5 мемлекеттік лагерьге жөндеу жүргізіліп, 52 модульдік жатақхана орнатылды. Нәтижесінде 43 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылды. Бұдан бөлек, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған 17 түзету кабинеті, 7 интернат, 10 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) мекемелері жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында Қазығұрт, Түлкібас, Сауран аудандарында жаңа ПМПК ашылады»,- деді спикер.

Спикердің сөзінше, облыста барлығы 29 «Келешек мектептің» құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 13 мектеп өткен жылы іске қосылса, биылғы жылы жаңа 16 «Келешек мектептің» құрылысы аяқталмақ. Ал, жергілікті бюджет есебінен 17 жаңа білім нысандары салынып жатыр. Сонымен бірге, өңір бюджеті есебінен 59 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы биылғы жылы Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізілуде. Айта кетейік, өңірдегі 16,5 мың студент жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады. Жалпы 2025 жылы 15 500 грант бөлініп, оның 9 500-і жұмысшы мамандығына берілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

В Шымкенте в военном колледже имени генерала Сабыра Рахимова состоялась встреча с родителями первокурсников

Next Post

БІЛІМ – ҰЛТ БОЛАШЫҒЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі