13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 303 көше жарықтандырылады

16 февраля, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 303 көше жарықтандырылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 303 көше жарықтандырылады. Осылайша, мегаполистің көше шамдарымен қамтамасыз етілуі 70 пайызды құрайтын болады. Жарықтандыру бойынша жобалар жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясында мақұлданды.

Сессия жұмысына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласында әртүрлі салаларда мемлекеттік- жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында салынып, пайдалануға берілген нысандардың артқанын айтты. Сонымен қатар, қала басшысы МЖӘ аясындағы жобалар екі тарапқа да тиімді екенін жеткізді.

«Шымкент қаласының сыртқы жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы бойынша баяндама жасаған қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Болатбеков 2021-2027 жылдарға 16 411,9 млн. теңгеге мемлекеттік міндеттеме алу ұсынылғанын мәлім етті.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімі – 7 жыл, оның ішінде құрылыс мерзімі – 36 айды құрайды. Бұл жобада сыртқы жарықтандыру желілерін салу, яғни, 14264 дана жарықдиодты шамдар, 14264 дана бағаналар мен 436 км кабель жүргізіледі. Нәтижесінде төрт жылда 303 көше жарықтандырылатын болады. Сонымен қоса, ескі жарықшамдар мен тозған бағаналарды жаңаларына ауыстыру – 5 182 жарықшам, 1 929 бағаналар. Жаяу жүргіншілер аймағына қосымша шамдар орнату — 2 000 дана. Әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру -182 км. Сыртқы жарықтандыру басқару жәшігін жаңғырту — 327 дана. Диспетчерлік пункт құру бағдарламасын енгізу бар»,-деді Б.Болатбеков.

Сессияның күн тәртібінде бұдан бөлек, Шымкент қаласының басқару схемасы туралы шешімі мен Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanМұрат ӘйтеновмәслихатсессияШымкент
Previous Post

Шымкент әкіміне «iKomek 109» арқылы сұрақ қоюға болады

Next Post

Биылғы қаңтар айында ҚР экономикасының негізгі салалары өсу қарқынын сақтап қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі