13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған жобалар белсенді іске асырылуда

4 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған жобалар белсенді іске асырылуда
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, тәртіптің қатаң сақталуын талап ету. Заң бұзған кез келген азамат жауапкершілікке тартылуы тиіс» деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысының осы ұстанымына сай, елімізде, соның ішінде Шымкент қаласында да құқықтық сауаттылықты арттыру, тұрғындарға заң аясында сапалы көмек көрсету бағытында жүйелі әрі нақты жұмыстар атқарылуда.

«Құқықтық көмек» – халыққа нақты қолдау

Шымкент қаласы Әділет департаментінің бастамасымен қолға алынған «Құқықтық көмек» жобасы – осы бағыттағы ең маңызды бастамалардың бірі. Жобаның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттырып, қиын жағдайға тап болған азаматтарға кәсіби заң көмегін көрсету.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жоба аясында әр апта сайын азаматтарға тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар тегін қабылдау жүргізіп келеді. Қабылдауда:

Адвокат Ерлан Тілеуов,

«Zangerler Palatasi» заң кеңесшілері Анар Мырзағалиева мен Мұрат Ыдырысов,

Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің маманы Нұрлан Мырзабай

тұрғындардың мәселелерін тыңдап, нақты құқықтық кеңес берді.

Келіп шағымданушылардың басым бөлігі алимент өндіру, алаяқтардан зардап шегу, несие мен ипотека мәселелері, тұрғын үй кезегі мен заңсыз берешектер жайлы сұрақтармен жүгінуде. Заңгерлер әр азаматтың мәселесіне жеке қарап, құқықтық жолмен шешудің нақты тетіктерін ұсынды.

Кездесу соңында тұрғындар заң саласының өкілдеріне алғыстарын білдіріп, мұндай жобалардың жиі өтуін сұрады.

Жастар арасында құқықтық сауаттылық – басты назарда

Құқықтық тәрбие тек ересектермен шектелмейді. Әділет департаментінің өкілдері Жол-көлік колледжінің студенттерімен «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мазмұнды кездесу өткізді. Кездесуге:

Департаменттің бас маманы Б. Әбдалиева,

Ювеналды заң кеңесінің адвокаты А. Тавашаров,

«Сана Сезім» үкіметтік емес ұйымының заңгерлері Б. Тұлаев, С. Тұрапбаев,

Ювеналды полиция инспекторы мен еріктілер қатысты.

Кездесуде жастардың құқықтары, құқық бұзушылықтың зардаптары және жауапкершілік туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар Қазақстан заңнамасына енгізіліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістер жайлы да толық ақпарат берілді. Студенттерге арнайы дайындалған видеороликтер көрсетіліп, құқықтық жаднамалар таратылды.

«Тегін заң көмегі күні» – тұрғындарға нақты көмек

Шымкент қаласы Қаратау ауданында ұйымдастырылған «Тегін заң көмегі күні» акциясы да қаланың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған сәтті шара болды. Іс-шараға:

Әділет департаменті басшысының орынбасары А. Исабекова,

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Н. Мүслімова,

Бас маман Б. Әбдалиева,

Адвокаттар А. Адамбаева, А. Оразов,

Нотариус Н. Жолшыбекова,

Сот орындаушы Ж. Серікбаев қатысты.

Тұрғындар еңбек қатынастары, айыппұлдар, алимент, борышты өтеу, мүлікті бөлу және басқа да мәселелер бойынша кеңес алды. Әрбір азамат өзінің заңды құқығын қорғауға арналған пайдалы ақпаратпен қамтылып, мамандар тарапынан тиісті бағыт-бағдар берілді.

Шымкент қаласында қолға алынған құқықтық жобалар мен акциялар – тек азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, заң үстемдігін нығайтуға, қоғамда әділеттілік қағидатын қалыптастыруға да ықпал етеді. Жүйелі әрі тиімді ұйымдастырылған бұл шаралар – азамат пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтатын маңызды көпір.

Previous Post

В Шымкенте проводятся масштабные разъяснительные мероприятия по профилактике правонарушений среди молодежи

Next Post

В Шымкенте активно реализуются правовые проекты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі