13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласында жастар арасында құқықтық шараларға бағытталған түсіндіру жұмыс­тары жүйелі түрде жүргізілуде

4 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласында жастар арасында құқықтық шараларға бағытталған түсіндіру жұмыс­тары жүйелі түрде жүргізілуде
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының полиция департаменті мен басқа да мүдделі мемлекеттік мекемелердің бірлескен жұмысы аясында, колледж және университет студенттерінің арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған бірнеше ауқымды түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

1. «Парасат» колледжіндегі студенттермен кездесу

«Парасат» колледжінің студенттерімен өткен кездесуде арнайы мамандар есірткіге тәуелділіктің зияны мен салдарлары, заңсыз әрекеттердің құқықтық салдары туралы жан-жақты түсінік берді. Қатысушылар видеоролик арқылы «Нашақорлық— қоғам дерті» тақырыбында ақпарат алды. Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, уақытты тиімді пайдалануға шақырып, олардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға басымдық берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

2. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық‑экономикалық колледжіндегі түсіндіру жұмысы

Бұл оқу орнында полицейлер жастарды есірткінің заңсыз айналымына қатысу салдарымен таныстырып, жаңа психоактивті заттардың таралу мүмкіндіктеріне назар аударды. Студенттерге заң аясында интернет-дүкен әкімшісі болудың мүмкін зардаптары, есірткі заттарын жарнамалау және тарату әрекеттерінің қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндірілді.

3. Шымкент аграрлық-техникалық колледжіндегі ақпараттық‑профилактикалық кездесу

Бұл кездесуге Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы, Психикалық денсаулық орталығы мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысып, келесі тақырыптарды қамтыды:

Есірткіге тәуелділіктің қалыптасу факторлары және «дәріхана нашақорлығының» қаупі;

Жаңа психоактивті заттардың ықпалы;

Спорт және салауатты өмір салтын жариялау;

Интернет-дүкен арқылы қылмыстылыққа жол бермеу мәселелері.

Студенттер өз ой-пікірлерін білдіріп, мамандардан жауаптар алды.

Қалалық деңгейдегі іс-шаралар

Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарында полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жастарға есірткіге қарсы бағыттағы ауқымды түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар әлеуметтік желілерде де қолдау тауып, қоғамда есірткі қылмысына «нулдік төзімділік» қағидасын қалыптастыруға мүмкіндік береді .

Шымкент қаласында іске асырылып жатқан құқықтық түсіндіру шаралары — білім беру саламен тығыз координациядағы, жастарды нашақорлық пен құқық бұзушылықтан қорғауға бағытталған жүйелі және кешенді ағартушылық бастамалар. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіз әрі құқықтық мәдениеті жоғары азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Previous Post

В Шымкенте реализуются системные меры по предупреждению правонарушений среди несовершеннолетних

Next Post

В Шымкенте проводятся масштабные разъяснительные мероприятия по профилактике правонарушений среди молодежи

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі