13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Медиацияны дамыту бұл – қоғамның құқықтық санасын арттыру

4 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Медиацияны дамыту бұл – қоғамның құқықтық санасын арттыру
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Медиация – қазіргі қоғамда жанжалдарды шешудің баламалы, бейбіт жолы ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды құрал. Бұл бағытта Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Соның айқын дәлелі – жуырда өткен «Елдесу және татуласу» жобасы аясындағы медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг. Іс-шара Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өткізілді. Семинарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетіне қарасты «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

Қоғамдық сананы жаңғыртудың құқықтық негізі

Семинар-тренингтің басты мақсаты – қоғамда медиация мәдениетін дамыту, құқықтық сананы көтеру, этносаралық келісімді нығайту және дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу әдістерін үйрету.

Семинарға қаладағы мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың өкілдері, азаматтық қоғам институттары мен медиация кабинеттерінің үйлестірушілері қатысты.

Медиация – бірлік пен бейбітшілік кепілі

Іс-шарада сөз алған сарапшылар медиацияны өркениетті қоғамның ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, оның қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттеудегі орнына тоқталды.

– Заң – қоғамның іргетасы болса, құқық – тұғыры. Медиация арқылы тараптар заң аясында өзара ымыраға келіп, жанжалды ушықтырмай шешуге мүмкіндік алады. Бұл – тек құқықтық емес, адамгершілік тұрғыдан да құнды ұстаным, – деді ұйымдастырушылар.

Білікті мамандардан тәжірибелік сабақтар

Семинар-тренингте медиация саласында тәжірибесі мол, білікті мамандар дәріс оқыды. Атап айтқанда:

Талшын Италиева – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің сарапшысы;

Резеда Баймухаметова – психолог-конфликтолог, этномедиация саласындағы тәжірибелі маман.

Олар тыңдаушыларға этносаралық шиеленістердің табиғаты, этностереотиптер, араздық тілі, медиатордың құзыреттілігі және конфликтология негіздері бойынша мазмұнды дәрістер өткізді.

Семинардың негізгі бағыттары:

Семинар барысында қатысушылар келесі тақырыптарда білім алды:

Этномедиацияның теориялық негіздері;

Этникалық қақтығыстардың психологиялық ерекшеліктері;

Қақтығысты диагностикалау және алдын алу әдістері;

Медиациядағы локализация және деэскалация тәсілдері;

Практикалық кейстермен жұмыс: нақты мысалдар арқылы дауларды шешу;

Этносаралық қарым-қатынастағы сезімталдық пен толеранттылықты дамыту.

Мұндай тәжірибелік сабақтар қатысушыларға тек теориялық білім емес, нақты жағдайларда қолдануға болатын дағдыларды да меңгеруге мүмкіндік берді.

Екі күндік бағдарлама – тәжірибеге бағытталған

Семинар екі күнге созылып, теория мен практиканы қатар қамтыды. Іс-шарада топтық жұмыстар, пікірталастар, кейс-анализдер мен ситуациялық ойындар ұйымдастырылды. Тыңдаушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, медиативтік жағдайларда қолдануға болатын құралдар мен шешімдер туралы пікір алмасты.

Медиация – тек жанжалдарды шешу тәсілі ғана емес, ол – қоғамның құқықтық және азаматтық мәдениетінің көрсеткіші. Бұл бағытта Шымкент қаласында жүйелі түрде ақпараттық-оқыту іс-шаралары ұйымдастырылып келеді. Осындай семинарлар арқылы медиаторлардың кәсіби шеберлігі артып, халықтың құқықтық санасы қалыптасып, қоғамда келісім мен бейбітшілікке бастайтын жолдар кеңейе түспек.

Previous Post

В Шымкенте прошла серия встреч по повышению правовой грамотности среди молодежи

Next Post

Развитие медиации – ключ к правовому сознанию общества

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі