13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚХА МҮШЕЛЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 532 ОҚУШЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

21 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ҚХА МҮШЕЛЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 532 ОҚУШЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен және «Жомарт жан» жобасы аясында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясының қалалық кезеңі басталды.

Игі шараның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылы қарсаңында материалдық қолдау көрсету, олардың білім алуға деген құлшынысын арттырып, әлеуметтік теңсіздікті болдырмау.

100 балаға 1,5 млн теңгенің оқу құралдары табысталды

Акция аясында қалалық ҚХА мен Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Арипджан Халназаровтың демеушілігімен әлеуметтік осал санатқа жататын 100 оқушыға жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге жуық оқу құралдары мен керек-жарақтар (сөмке, дәптер, қалам, пенал, сурет салу жабдықтары және т.б.) салтанатты түрде табысталды.

Шараға қалалық ҚХА мүшелері қатысты

Шараға Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Тахирбек Нишанбаев, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Арипджан Халназаров, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, балаларға жылы лебіздерін білдіріп, оқуда озат болуға тілектестік танытты.

– Бұл акция тек материалдық көмек қана емес, бұл – бала көңіліне үміт сыйлау, оқу жылын қуанышпен бастауына жағдай жасау. Жыл сайын ҚХА мүшелері осы дәстүрлі қайырымдылық шараға белсене қатысып келеді. Бұл – бірлік пен ізгілікке негізделген қоғамның көрінісі, – деді ҚХА төрағасының орынбасары Т.Нишанбаев.

Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктер де белсенді атсалысты

Қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі бастауыш сыныпқа баратын 32 бүлдіршінді толық оқу құралдарымен қамтамасыз етуді өз мойнына алды. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен еріктілері қаладағы 13 нүктеде қайырымдылық акцияларын өткізіп, жалпы сомасы 6 млн теңгеге жуық заттай көмек көрсетті.

Бұл көмектер әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына таратылды.

Жалпы 7,9 млн теңгенің көмегі көрсетілді

Акция нәтижесінде Шымкент қаласында барлығы 532 оқушыға көмек көрсетіліп, оларға жалпы сомасы 7,9 миллион теңгеге оқу құралдары мен мектепке қажетті заттар табысталды.

«Мектепке жол» акциясы жыл сайын мыңдаған баланың жаңа оқу жылын сеніммен және шаттықпен бастауына мүмкіндік береді. Бұл — қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің, түрлі ұлт пен ұрпақтың өзара қолдауының айқын көрінісі.

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырып, қайырымдылық дәстүрін дамытуды көздеп отыр.

Previous Post

Реализация Послания Президента-2024: как ведется масштабная модернизация топливно-энергетического комплекса

Next Post

В Шымкенте члены АНК поддержали 532 школьника в рамках акции «Дорога в школу»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі