13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Достық пен татулық – елдіктің берік іргетасы

21 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Достық пен татулық – елдіктің берік іргетасы
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ халқының тарихына үңілсек, бірлік пен татулық – елдің дамуы мен болашағын айқындайтын басты құндылықтар болғанын көреміз. Бабаларымыз «бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Себебі халықты еңселі еткен де, елді өркениетке жетелеген де – ынтымақ пен өзара сыйластық.

Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ жері әрқашан да түрлі ұлт пен ұлыстың басын қосқан мекен болды. Қиын-қыстау кезеңдерде тағдырдың жазуымен Қазақстанға сан алуан этнос өкілдері қоныс аударды. Сол сәтте қазақ халқы оларға пана болып, құшағын айқара ашты. Осындай бауырмалдықтың арқасында достық пен татулықтың іргетасы қаланып, бүгінге дейін жалғасып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда жүзден аса этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл – халқымыздың кеңпейілділігінің ғана емес, мемлекетіміздің сындарлы саясатының да нәтижесі. Әрбір этнос өз болмысын, тілін, мәдениетін сақтай отырып, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосуда.

Кез келген мемлекеттің дамуы үшін бейбітшілік пен тұрақтылық аса маңызды. Ал тұрақтылықтың негізінде татулық жатыр. Татулық дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген сенімі, сыйластығы және ортақ мүддеге ұмтылысы. Егер қоғамда келісім орнықса, мемлекет те биік мақсаттарға жетеді.

Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге татулықтың, ынтымақтың үлгісін көрсетіп отыр. Қоғамдағы бейбіт өмір – елдің саяси-экономикалық дамуына, мәдени өркендеуіне жол ашуда. Сондықтан татулықты сақтау – мемлекетіміздің ғана емес, әр азаматтың парызы.

Достық – адамдарды да, ұлттарды да жақындастыратын алтын көпір. Ол мемлекеттер арасындағы сенімді де нығайтады. Қазақстан халқы достықты басты құндылық деп танып, оны нығайтуға бар күшін жұмсап келеді.

Достық пен өзара құрмет нығая түскен сайын еліміздің халықаралық беделі артып, Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің символына айналуда. Әлемдік деңгейде бастамалар көтеріп, татулыққа шақырып жүрген ел ретінде Қазақстанның орны ерекше.

Еліміздегі достық, татулық пен ынтымақ – мемлекетіміздің ең үлкен жетістігі әрі болашаққа жол ашатын берік іргетасы. Бұл – тәуелсіздігіміздің тірегі, тұрақтылығымыздың кепілі. Сондықтан біз үшін ең басты міндет – осы құндылықтарды сақтау, дамыту және келер ұрпаққа аманаттау.

Достық – елдіктің белгісі, татулық – тұрақтылықтың тірегі, бірлік – болашаққа бастар

Previous Post

В Шымкенте прошёл тематический круглый стол «Ата Заң – опора независимости»

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНЫП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі