13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте құқықтық профилактикалық іс-шаралар жалғасуда

4 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте құқықтық профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиында аудандық полиция басқармасының №34 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Полиция департаментінің бастығы төрағалық еткен кездесуге қалалық маслихат депутаты Муратали Калмуратов, аудан әкімі  Досалы Амангелдиев, аудан прокуроры Серік Абдиев, арадагерлер кеңесінің төрағасы Сержан Тұрсынбеков қатысты. Тұрғындарға учаскелік инспектордың ағымдағы жылдың төрт айында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар туралы есеп берілді. Инспектордың айтуынша, 19 мыңға жуық адам тұратын аумақта тіркелген қылмыстардың саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға төмендеген. Құқық бұзушылықтардың арасында ұрлық пен интернет-алаяқтықтың саны басым. Аталған бөтеннің мүлкіне қол сұғу қылмыстарының алдын алу және оларды болдырмау бойынша жергілікті тұрғындармен ұдайы түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері профилактикалық шаралардың нәтижесінде аумақта жасөспірімдердің қатысуымен құқық бұзушылықтар орын алмаған.

Сонымен қатар, әкімшілік аумақта ардагерлер, депутат, әкімшілік қызметкерлер, белсенді азаматтар, мектеп директорлары және үй төрайымдарымен қоғамдық кеңес құрылған. Кеңеске аудан әкімінің орынбасары жетекшілік жасауда.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері азаматтарды қандай да бір орын алған қылмыстың куәсі болған жағдайда тез арада учаскелік полиция инспекторларына немесе «102» нөміріне хабарлап, кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділікпен» қарауға шақырды.

Сондай-ақ бүгін Шымкент қаласы ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Құралбаевтың төрағалығымен Абай ауданы полиция басқармасының тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті.

Жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мазмұны мен тармақтары түсіндірілді.

Previous Post

«Азаматтарға арналған үкімет» Оңтүстік өңірі қызметкерлерінің спартакиадасы

Next Post

Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі