13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қаржылық пирамида ұйымдарын болдыртпау шаралары қабылдануда

1 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қаржылық пирамида ұйымдарын болдыртпау шаралары қабылдануда
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында қаржылық пирамидаларды болдыртпау, оның алдын-алу іс-шаралары кешенді жұмыс жоспарына енгізілген. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес өңірлер мен республикалық қалалар арасында қылмыстық істерді болдыртпау, оның ішінде қаржылық пирамидалардың жұмысын іске асыртпау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жалпы қаржылық пирамида нарықтық қоғамда кең тараған құбылыс. Осы тақырып әңгіме болғанда Мавродидің МММ-і , америка олигархы Бернард Мэдоффтің қаржылық алаяқтығына байланысты сот процесі және т.б. оқиғалар еске түседі. Кешегі Көкшетау қаласындағы қаржылық пирамиданың маңайындағы дүрбелең де әлі ұмытыла қойған жоқ. Дегенмен, осыларға ұқсас қаржылық құрылымдардың тұзағына ілінген адамдардың саны азаймай отыр. Қаржылық пирамидалардың құрылымы және іс-әрекеті әлі күнге дейін көпшілік үшін жұмбақ күйінде қалуда. Халықтың ежелден айтып жүрген «Тегін ірімшік тек қақпанда ғана болады» деген даналық сөздері, нақты айтқанда, адамдардың көп бөлігінің санасына әсер етпегені таңданарлық жәйт. Осы жерде мынандай сұрақ туады: неліктен мұндай қаржылық құрылымдар пайда болады және адамдар неге олардың қармағына ілінеді? Мұның себебі төменгі жағдайларға тікілей байланысты. Біріншіден, өкінішке орай, халықтың көп бөлігінің экономикалық сауаты сын көтермейді. Екіншіден, ақпарат құралдарында қаржылық пирамидалар туралы айтылғанымен, олардың іс-әрекетіне талдау жасалмайды. Үшіншіден, осы уақытқа дейін «адамдардың еңбектеніп тапқан ақшасын алдай отырып иемденетін» қаржылық мекемелердің жұмысына ғылыми тұрғыдан мақсатты түрде экономикалық және математикалық талдау жасалған жоқ. Төртіншіден, елімізде халықтың артық ақшасы орналасатын қор рыногы әлі де толыққанды дамымай отыр. Ең бастысы, қаржылық пирамидалардың іс-әрекетінен тек адамдар ғана жапа шегіп қоймайды, сонымен қатар, сол елдің экономикалық жағдайы да төмендейді. Халықтың мемлекеттегі басқа қаржылық институттарға сенімі азаяды. Адамдар артық ақшаларын банктерге салуға, бағалы қағаздар сатып алуға асықпайды. Сөйтіп, кез келген елдің экономикасында үлкен рөл атқаратын инвестиция көлемі күрт азайып кетеді. Әдетте қаржылық пирамидалар әлдебір үлкен пайда келтіретін жобаны қаржыландыру мақсатында адамдардың (инвесторлардың) қолындағы артық ақшаларды жинақтайтын коммерциялық мекеме ретінде тіркеледі. Коммерциялық мекемелерге қаржысын құйған адамдар мен мекеме арасында салымшылардың алатын пайдасы жөнінде келісім жасалады. Егер жобаның пайдалылығы салымшыларға уәде еткен пайдадан аз болса немесе пайда жоқ болса, жаңа салымшылардың енгізген қаржысының бір бөлігі бастапқы салымшыларға уәде еткен пайданы қайтаруға жұмасалады. Мұндай жағдайда, белгілі бір уақыт өткен соң жоба банкрот болып жарияланады және кеш келген салымшылар қаржылық жағынан зиянға ұшырайды. Тәжірибеден пирамида күйрегеннен кейін барлық жинақталған ақшаның тек 10-15%-ы ғана жобаға қатысушыларға қайтатынын көруге болады. Өйткені, жиналған ақша тек жарнама мен ұйымдастырушыларға жалақы төлеуге және қаржысын басында құйған адамдардың ақшасы мен пайдасын қайтарып беруге ғана жұмсалады.

Previous Post

Шымкентте жалған ақпаратқа қарсы іс-шаралар жалғасуда

Next Post

Шымкентте интернет алаяқтықтың алдын-алу жолдары қарастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі