13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК АЯҚТАҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

19 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫН ҮЗДІК АЯҚТАҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – ол жастарды білім, тәрбиеге баулып, мәдени-рухани дамуына, кәсіби біліктілігін арттыруына ықпал ету, нәтижесінде олардың әлеуетін мемлекетіміздің қарқынды дамуына бағыттау.
Бүгінгі күні талантты жастарды мемлекеттік қызметке
тарту – мемлекеттің басты міндеттеріне айналды.
Мемлекет басшысы «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек, ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керектігін» баса айтқан болатын.
Бұл ретте, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі берілді.
Бүгінгі таңда, республикада осы мүмкіндікті пайдаланған
530-дан астам түлек мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналасса, олардың 47-сі Түркістан облысына тиесілі.
Яғни, бітіруші түлектер аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға және аумақтық департаменттердің аудандық бөлімшелеріне конкурссыз орналасты.
Бұл мүмкіндік білімді жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетті.
Осы тұста, жоғарғы оқу орнын бітірген түлектерді мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістерді тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға шақырамыз.
Суртеков Дархан Әшірханұлы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті
басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі
кеңес хатшылығының меңгерушісі

Previous Post

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

Next Post

​Шымкентте “Әйел. Құқық. Қорғаныс” атты нәзік жандыларға арналған өзін-өзі қорғау курсы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі