13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қылмыстық топтардың алдын-алу бойынша – құқықтық іс-шаралар қабылдануда

1 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қылмыстық топтардың алдын-алу бойынша – құқықтық іс-шаралар қабылдануда
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қылмыстық топ жойылды. Полиция қоғамда “Заң мен Тәртіп” қағидатын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тонау, қарақшылық, бопсалау және қарыз мәселелерін шешумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Тергеу барысында ұйымдастырушы өзінің сенімді адамдарынан қылмыстық топ құрып, қарақшылық шабуыл немесе ұрлық жасау мақсатында үлкен сомада ақша қаражаты болуы мүмкін жерлерді үнемі талдап жүргені анықталды. Сонымен қатар ол түнгі клубтардың бірін бақылауына алып, «қорғағаны» үшін заңсыз түрде ай сайын 2,5 млн теңгеге дейін алып отырған. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топ ұйымдастырушысы мен оның жақын сыбайласы ұсталып, қамауға алынды. Тінту кезінде олардан қару мен патрондар тәркіленді. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар бес тұлға анықталды, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Іс-шара прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.Осы орайда атап өткеніміз жөн Шымкент қаласында мұндай жағдайларды болдыртпау мақсатында құқықтық органдардың араласуымен көптеген іс-шаралар қабылдануда. 2025 жыл – Ішкі істер министрлігі тарапынан қылмысқа қарсы профилактика жылы деп жарияланды. Бұл бастама қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында іске асырылмақ. Жоба аясында құқық қорғау органдары қылмыстың алдын алу шараларын күшейтіп, халықпен өзара іс-қимылды жақсартуды көздейді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бұл жыл азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң бұзушылықтардың алдын алуға жаңа серпін береді. Ақыл-есі дұрыс, ниеті түзу әрі құқықтық сауаты бар адам қылмыс жасамайтыны белгілі. Дегенмен біреуден біреу зәбір көргенде «қанға-қан, жанға-жан» деп, мәселені өзі шешпек болып теріс әрекетке баруы мүмкін. Енді бірі қоғамнан, заңнан әділеттік таппағаннан кейін оның жасаған іс-әрекеті қылмысқа ұласуы ғажап емес. Шымкент қаласында қылмыстық істерді реттеу мен оларды болдыртпау шаралар құқықтық органдардың көмегімен және жергілікті әкімшіліктің түсіндірме жұмыстары арқылы жүзеге асуда. Құқықтық сауаттылығы бар адам, заң мен тәртіпке бағынатын, қоғамның дұрыс бағытта дамуына әсер етеді. Осы орайда біз Шымкент қаласының тұрғындарын Президентіміз Қасым-Жомарт кемелұлы Тоқаевтың заң мен тәртіп қағидасын оқып шығуға және оны орындауға шақырамыз.

Previous Post

Шымкентте құқық қорғау органдары – саладағы сауаттылықты тұрғындар арасында арттыруға бейімделуі керек

Next Post

Профилактика на дому: полицейские обучают пожилых правилам кибербезопасности

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі