13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өнерді бағалау – ұлтты бағалау

17 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Өнерді бағалау – ұлтты бағалау
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін – қазақ бейнелеу өнеріндегі ірі тұлғаның туған күні. Ол – графика саласына әлемдік деңгейде жаңалық әкелген, өнерге өзгеше өрнек қосқан алып суретші, қылқалам шебері Батухан Баймен. Шығармаларын көрген көрші ел суретшілерінің бірі таңырқаса, енді бірі қызғанышын жасыра алмайды. Өйткені оның қолтаңбасы – қайталанбас, шеберлігі – шексіз.

Жетпіс жасқа толып отырған Баймен аға көлемі 2 х 6 метрге дейінгі графикалық туындыларды дүниеге әкелді. Бұл – кез келген суретшіге оңай шағылар шың емес. Бірақ ол жәй көлем үшін емес, мазмұн үшін еңбек етті. Туындыларының әр парағы терең ойға жетелейді: болашақ ұрпаққа бүгінгі тарихты хаттап, символдармен сөйлетті. Суретшінің қолынан шыққан әрбір бейне – уақыттың үні, қоғамның айнасы.

Алайда, өкінішке қарай, біз өзіміздің өнерпаздарымызға көбіне сырт көздің бағасы арқылы ғана назар аударамыз. Шетелде мойындалған соң барып «біздің азамат еді ғой» деп мақтанамыз. Ал шын мәнінде өнер иесіне ең бірінші болып құрмет көрсету – өз халқының, өз елінің міндеті емес пе?!

Бүгінгі мерейтой тек бір суретшінің ғана емес, тұтас ұлт мәдениетінің мерекесі болуы тиіс. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдігі, Суретшілер одағы және мәдениет мекемелері осындай сәтте үнсіз қалмауы керек. Өнерді қолдау – идеологияны қолдау. Өйткені мәдениет – ұлттың рухани діңгегі, ал өнерпазға көрсетілген құрмет – сол ұлттың өзіне көрсетілген құрмет.

Егер осындай айтулы дата ескерусіз қалса, ол – біздің идеологиядағы әлсіздігіміздің, мәдени саясаттағы олқылығымыздың айғағы болмақ. Батухан Баймен ағамыз – халықтың жүрегін оятатын күшке ие тұлға. Суретшісін бағалай алмаған қоғам өз болашағын да бағалай алмайды.

Өнерді бағалау – ұлтты бағалау.

Өнертанушы Асқар Сатпаев

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНА 60 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Next Post

В Шымкенте стартовал курс самообороны для женщин «ЖЕНЩИНА. ПРАВО. ЗАЩИТА»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі