13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың негізі

15 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың негізі
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тарихтың тағылымы көрсеткендей, елдің тұрақтылығы мен өркендеуі ең алдымен халықтың ауызбіршілігі мен өзара түсіністігіне байланысты. Бірлігі берік ел ғана ішкі және сыртқы сын-қатерлерге төтеп беріп, ұлт ретінде ұйысып, ұрпаққа жарқын болашақ қалдыра алады.

Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап, ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді ұлттық қауіпсіздік пен дамудың басты қағидасы етіп бекітті. Бұл – кездейсоқ таңдау емес. Ел тарихында болған ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, тың және тыңайған жерлерді игеру сияқты ірі оқиғалар Қазақстан халқының этникалық құрамын байытып, көпұлтты қоғамның қалыптасуына ықпал етті. Дегенмен, бұл өзгерістер ұлтаралық алауыздық емес, мәдениеттер тоғысы мен өзара құрметтің берік негізін қалады.

«Қазақстан – ортақ үйіміз» ұстанымы

Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос пен 17 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. «Қазақстан – ортақ үйіміз» қағидасы – жай ғана ұран емес, ел өмірінің басты қағидатына айналған шынайы құндылық. Түрлі ұлт өкілдері ғылымда, денсаулық сақтау мен білім беру саласында, мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте қатар еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосып келеді. Олар бір-бірінің тілін, дінін, мәдениеті мен дәстүрін құрметтейді.

Бірлік – жүйелі түрде қалыптасқан ұстаным

Бірлік – тек рухани немесе моральдық ұғым ғана емес. Ол азаматтық теңдік, құқықтың үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік және ашық диалог негізінде нығаяды. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарып келеді. 1995 жылы Елбасының бастамасымен құрылған бұл институт бүгінде халықтар достығы мен қоғамдық келісімнің сенімді алаңы ретінде жұмыс істеуде. Ассамблея этносаралық қарым-қатынасты реттеп қана қоймай, ел ішіндегі әлеуметтік бастамаларға, қайырымдылық пен қоғамдық жобаларға ұйытқы болып отыр.

Жаһандану жағдайындағы басты қорған – татулық

Бүгінгі таңда әлем күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Жаһандық дағдарыстар, миграция, діни экстремизм мен ұлтаралық қақтығыстар сияқты сын-қатерлерге ұшыраған көптеген елдердің тәжірибесі бірліктің орны толмас байлық екенін дәлелдеп отыр. Қазақстан мұндай қиындықтарды бірлік пен ынтымақ арқылы еңсеріп келеді.

Қоғамда бейбітшілік пен келісім салтанат құрғанда ғана тұрақты экономикалық өсім, инновациялық даму және ұлт болашағына деген сенім қалыптасады.

Қорытындылай келе, Қазақстанның жетістіктері мен болашағы – ел бірлігінің нақты нәтижесі. Бұл құндылықты сақтау – әр азаматтың парызы.
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!

Previous Post

Екі жүзге жуық жұмысшының құқығы қорғалды

Next Post

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі