13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы — 2025»: Шымкентте үздік отбасылар анықталды

14 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
«Мерейлі отбасы — 2025»: Шымкентте үздік отбасылар анықталды
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі қаладағы Жастар ресурстық орталығында өтті. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлгілі отбасылардың қоғамдағы маңызын арттыру және жастар арасында отансүйгіштік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

«Отбасы – қоғамның өзегі»

Салтанатты марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы ұлттық байқаудың ел ішіндегі татулық пен бірлікті сақтау жолындағы маңызын атап өтті.

– Қазақ қоғамында отбасы – тәрбие мен мәдениеттің, ұрпақтар сабақтастығының қайнар көзі. Ер азаматтың орны, ананың мейірімі, қыз-келіннің тәрбиесі – ғасырлар бойы қалыптасқан асыл құндылықтар. Бұл жүйені сақтап қалу – бүгінгі буынның қасиетті борышы, – деді ол.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары алдағы уақытта байқаудың бұрынғы жеңімпаздары жайлы арнайы кітап жарық көретінін мәлімдеді.

150-ден астам отбасы қатысуға ниет білдірді

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақбота Бекхожақызы биылғы байқаудың ерекшеліктеріне тоқталды.

– Қатысушылардың өтініштері 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданды. 150-ден астам отбасы ниет білдіріп, олардың ішінен 20 отбасы қалалық кезеңге жолдама алды. Бұл отбасылар балаларының жетістіктері, қоғамға қосқан үлесі, еңбек дәстүрін сақтауы және ұрпақтар сабақтастығы негізінде бағаланды, – деді ол.

Биылғы байқауда еңбек династияларына ерекше көңіл бөлінді, бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан кәсіби дәстүрлердің қоғамдағы маңызын арттыруға бағытталған.

Бас жүлде – Нұртаевтар әулетіне

Байқау қорытындысы бойынша 20 отбасының барлығына Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаттары мен теледидарлар табысталды.

Ал бас жүлдені – Әл-Фараби ауданынан қатысқан Нұртаевтар әулеті жеңіп алды. Теміржол саласында бірнеше ұрпақ бойы еңбек етіп келе жатқан бұл отбасы 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталып, Астана қаласында 12 қыркүйекте өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Ұлттық байқау жалғасады

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы — ел Президентінің бастамасымен қолға алынған, бүкілхалықтық қолдауға ие болған жоба. Ол жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан үлгілі отбасыларды насихаттауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отбасылық институтты нығайтуға бағытталған.

 

Previous Post

Шымкент: «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды

Next Post

"Мерейлі отбасы - 2025": В Шымкенте определены лучшие семьи

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі