13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

12 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде бүкіл ел аумағында кең қолдау табуда. Қоршаған ортаны қорғау, санитарлық жағдайды жақсарту және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан бұл игі іс-шараның аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында кезекті сенбілік өткізілді.

Бұл жолғы сенбілік жұмыстары Қаратау ауданына қарасты Тассай тұрғын алабы мен Мирас шағынауданында, сондай-ақ аудан аумағындағы орталық көшелерде жүргізілді. Іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан құралған 60-тан астам адам белсене қатысып, сенбілікке 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстары барысында аумақтарда жинақталып қалған тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, қураған ағаш бұтақтары мен әртүрлі тұрмыстық қоқыстар арнайы полигондарға тасымалданды. Жалпы көлемі 47 тоннаға жуық қалдық шығарылып, тұрғындар үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мұндай сенбіліктер тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға зор үлес қосады.

— Аулалар мен көшелердің тазалығы – бұл тек коммуналдық қызметтің ғана емес, әрбір тұрғынның да азаматтық борышы. Қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау, қоқысты арнайы орындарға тастау – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Біз қаламыздың көркеюі үшін бірлесе еңбек етуіміз керек, — деді сенбілікке қатысқан аудан әкімдігінің өкілі.

Қала тұрғындарына үндеу

Ұйымдастырушылар мен жергілікті билік өкілдері қала тұрғындарын қоршаған орта тазалығына бейжай қарамауға, өз аулалары мен көшелерін таза ұстауға шақырды. Коммуналдық қызмет мамандары күн сайын қаланың көркеюі мен санитарлық ахуалын жақсарту үшін тынымсыз еңбек етуде. Сондықтан олардың еңбегін қадірлеп, түсіністікпен қарау – әрбір азаматтың парызы.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласының барлық аудандарында тұрақты түрде сенбіліктер өткізіліп, қала аумағын абаттандыру мен тазарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Ұмытпайық, тазалық – өзімізден басталады!
Таза қала – дені сау ұлттың кепілі!

Previous Post

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ!

Next Post

ПАТРИОТИЗМ – АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ: Шымкентте тағылымды кездесу өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі