13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

11 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге және «Жастар күніне» орай Түркістанда рухани мәні бар іс-шара өтті. Абай ескерткіші маңында ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі өткізілді. Сонымен бірге облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабын тапсырды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр шаңырақта Абайдың кітабы мен мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы тұруы керек екенін айтқан болатын. Сол бастаманы Түркістан облысында іске асыру мақсатында қонақтарға, жастарға «Абай жолы» романы топтастырылған төрт томдық кітаптарды тапсыруды жөн көрдік. Бұл кітапты әр оқыған сайын жаңа дүниелермен танысасың, жаңаша ой түйесің. Жастарымыз да кітапты оқып, Абай өмірінің тереңіне үңіледі деп ойлаймын, – деді Нұралхан Көшеров.
Белсенді жастар өңір басшысының рухани мәні бар сыйлығына ризашылықтарын білдіріп, Абай мұрасына адал болатындарын жеткізді. Жалпы, 180 жылдыққа 180 кітап топтамасы шығарылып, жастар мен тұрғындарға үйлестірілді.
Айта кетейік, осы күні ұйымдастырылған кітап көрмесінде Абай Құнанбайұлының өмірінен, шығармашылығынан сыр шертетін маңыналы дүниелер ұсынылды. Абай Құнанбайұлы бейнеленген, ерекше шеберлікпен тігілген қабырғаға ілетін кілемше де көпшіліктің қызығушылығын оятты. Бұл сыйлықты кітапханаға «Бал текстиль» компаниясы тарту еткен.
Осылайша, Түркістан жастары «Абай күні» мен «Жастар күні» мерекелерін рухани-танымдық іс-шарамен өрнектеп, ерекше серпіліп қайтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі